Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет22/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   296
Дендриттік жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың 
екінші тобын құрайды. Олар аралшықты мононуклеарлық жасушалар
Эпителий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары 
деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша - ақ аралшықты эпидермоциттер). 
Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, 
лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бiрақ диффузды 
таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердiң өздерiнде (лимфа 
түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды) 
концентрациясы аз мөлшерде болады.
Дендриттік жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидты-
моноцитарлық қатарынан түзіледі. Цитоплазмадағы қабатты қосындылар 
– Бирбек түйiршектерi жасушалардың морфологиялық маркерлері болып 
табылады.
Дендриттік жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда 
белсенді және олар иммундық үрдістерді iске қосуда маңызы рөл 
атқарады. Дендриттік жасушалармен антигенді жаулап алу, көбінесе 
лимфодтық мүшелерден тыс жүреді. Антигенді өңдегеннен кейін, олар 
шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді. Бұл кезде 
дендриттік жасушалардың фагоцитоздық қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар 
мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.
Құрылымдық жасушалар (микроайналым жасушалары). 
Құрылымдық жасушаларға коллаген және эластин талшықтарын 
түзетiн фибробласттар, сондай-ақ эпителий тіндерінің құрамындағы 
қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады. Бұл жасушалар 
лимфоциттердің алғашқы екі тобы мен АТЖ-нің қалыпты қызметі үшін 
олардың миграция жолын анықтап, микроқоршаулық ортасын түзеді.
Иммунологиялық 
үрдістерде 
құрылымдық 
жасушалардың 
маңыздысы, құрылымдық жасушаларының жасушааралық матрикспен 
өзара байланысын анықтайтын, сонымен қатар, жасушалар арасындағы 
жанасу мен белгiлер алмасуын қамтамасыз ететiн мембраналардың 
адгезия 
молекулалары 
болып 
табылады
Осы 
молекулалардың 
капиллярлар 
мен 
посткапиллярлық 
венулалардың 
эндотелий 


27 
жасушаларының бетінде болуының маңыздылығы, лейкоциттердің қан 
ағымынан тіндерге миграциялануын қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет