Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет47/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   296
 
 
5-ші сурет. Әр иммуноглобулин кластарының құрылысы бойынша 
ерекшеліктері 
 
Макрофаг пен нейтрофилдер бетінде IgG-ға арналған 
Fc-
рецепторлары бар. Егер бұл рецепторға бос жүрген IgG бар иммунды 
комплекс тіркелсе, онда макрофаг пен нейтрофил қызметі белсенеді, яғни 
фагоцитоз күшейеді.
 
Мес жасушалар мен базофилдер бетінде IgE-ге арналған Fc-
рецепторлары бар. Цитофилді IgE молекуласы Fc-фрагментімен мес 
жасушаға және базофилге жабысады. Осы үрдіс атопиялық серпіліс 
кезіндегі организмнің сезімталдану негізінде жатады. Нысана-жасушаларға 
жабысқан IgE аллергенмен Fab-фрагмент арқылы байланысқанда, IgE 
Секреторлы
Секреторлы 
компонент 


50 
энергиялық және структуралық өзгерістерге ұшырап, Fc-рецептор арқылы 
мес 
жасушаларды 
және 
базофилдерді 
белсендіріп, 
олардың 
дегрануляциясын шақырады. Бұл кезде жасушалардың түйіршектерінен 
биологиялық активті заттар (гистамин, брадикинин, т.б.) бөлініп, 
айналадағы жасушаларға әсерін көрсетіп, өзіндік аллергиялық серпілісті 
шақырады.
 
Иммуноглобулиндердiң изотиптері, аллотиптер және идиотиптері 
Басқа нәруыздар тәрізді иммуноглобулиндер, өздеріне қарсы 
антидене синтезін туғызады, яғни олар антиген болып табылады. 
Иммуноглобулиндердiң изотиптері, аллотиптері, идиотиптері бар.
Изотип деп иммуноглобулиндердiң топтары мен топтастары 
арасындағы 
антигендік 
айырмашылықтарын 
атайды. 
Біртүрлі 
иммуноглобулиндердің изотиптері бірдей. Изотиптердің айырмашылығы
иммуноглобулиндердiң Fc-фрагменттерінің құрылыс ерекшеліктеімен 
көрсетіледі. 
Адамдар 
иммуноглобулиндерi 
бірнеше 
негізгі 
топтары 
мен 
изотиптерінен тұрады, оларды IgM, IgG (G
1
,G
2
,G
3
,G
4
), IgA (А
1

2
), IgD IgE 
деп белгілейді. . 
Антигендік құрылысының ерекшелігінің айқындалуына байланысты бір 
биологиялық түрдің Ig екiншi түрдiң ағзаларында антидене синтезін шақырады. 
Бұл 
антиденелер 
реципиенттің 
антиген 
орнындағы 
иммуноглобулиндік 
детерминантасына қарсы тұрады. Ол детерминанталар изотиптік деп белгіленеді. 
Әртүрлі жануарларды бір иммуноглобулин егу арқылы алынған гетерологиялық 
антиизотиптік сарысулар арнайылығы жағынан бірдей емес антиденелерден 
тұрады.
Егер қоянды адамның тазаланған G Ig ексе, алынған сарысуда екі негізгі 
түрлі 
антиденелер 
болады. 
Олардың 
біреулері 
тек 
адам 
IgG 
сай 
детерминанталарына, ал басқалары – адамның әр класына жататын жалпы 
иммуноглобулиндерiнiң детерминанттарына бағытталады. Арнайылығы жоғары 
антиизотиптік сарысулар Н-тізбетің константты аймағында немесе белгілі бір Ig 
класының Н-тізбегінің С-ұшындағы орналасқан детерминантасына қарсы 
антиденелерден құралады.
Адам иммуноглобулиндерiнiң изотиптеріне қарсы моноспецификалық 
антисарысу алу үшін антиген орнында миелома нәруыздарын пайдаланады, олар 
қалыпты сай Ig-мен антигендік құрылысы жағынан бірдей, бірақ гомогенді және 
миелома науқастардың сарысуында көп мөлшерде кездеседі. 
Адамдар иммуноглобулиндеріне қарсы антиизотиптік моноспецификалық 
гетерологиялық сарысу нәруыздарын қалыпты және ақау жағдайында анықтау 
үшін кең қолданады.
Антиденелерді клиникада иммунодепрессант орнында иммуноглобулиннің 
ауыр тізбегіне қарсы қолдану қызықтырады, бірақ өте қиын жүзеге асады. 
Мысалы, 

иммуноглобулинге 
қарсы 
моноспецификалық 
антисарысу 
иммунодепрессант орнында қолдануы ұсынылған. Мұндай антиденелерді 
аллергиялық аурулардың реагинді түрінде өтетін бейімділігі бар нәрестелерде 
алдын алу үшін қолдануға болатын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет