47
Барлық иммуноглобулиндер түрлерінің жеңіл тізбектері екі доменнен
тұрады, ал ауыр тізбегі – төрт немесе бес доменнен тұрады; ол
иммуноглобулин класына байланысты.
Домен
бұл 110-120 амин қышқылынан тұратын тізбек аумағы.
Барлық домендер ұқсас құрылымды, олар ішкі дисульфидтік байланыс
арқылы тұрақтанады. Ауыр және жеңіл тізбектердің
N-ұштық домендері
вариабелді деп аталады және Vн,
V
L
деп белгіленеді, олардың
аминқышқылдық құрылымы иммуноглобулиндердің әр түрлі антигендік
ерекшелігіне байланысты болады. Антигендік детерминантаны (гаптенді)
байланыстырушы белсенді орталықтар жеңіл және ауыр тізбектердің
вариабелді аймақтарынан тұрады (V
н
және V
L
-домендері).
Достарыңызбен бөлісу: