Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет53/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   296
IgG қызметтері:


55 
 
Шарнирлі аумағының құрылысы жағынан. Адамдағы IgG
2
, IgG

шарнирлі аумағының конформациясы Fab-фрагментінің СН
2
-домендің 
жанында шоғырлануын қамтамасыз етеді, сондықтан IgG
2
, IgG
4
антигенмен байланысқан соң, комплементпен (С
1
) байланысу қабілетін 
жоғалтады. IgG
1
, IgG
3
 шарнирлі аумағы құрылысы жағынан өзгеше, 
сондықтан 
олар 
комплемент 
жүйесінің 
классикалық 
жолының 
белсендіргіштері болып табылады.
 
IgG
иммунды 
комплекс 
құрамында 
фагоциттердің 
Fс-
рецепторларына берік тіркеледі, нәтижесінде фагоцитоз күшейеді.
 
IgG плацента арқылы өтеді, оның өтуі белсенді тасымалдану 
механизмі арқылы іске асады. IgG нәрестенің бәсең иммунизациясында 
басты рөл атқарады Бұл әсері 3 ай бойы сақталады, нәресте организмінде 
өзіндік IgG түзілуі басталған уақытқа дейін.
IgА. IgA  секреттерде мөлшері басқа иммуноглобулиндерге 
қарағанда 
жоғары 
болғандықтан, 
оны 
негізгі 
секреторлы 
иммуноглобулин деп санайды. Қан сарысуында 0,8 – 4,2 г/л, негізінде 
мономерлі түрінде кездеседі. IgА-ң Faв-фрагментiнiң ажырауы IgG және 
IgМ қарағанда төмен. Сондықтан, IgА агглютинация, преципитацияға 
қиынырақ түседі, бірақ жасушаға жеңіл тоңады және әртүрлі секреттер 
құрамында: сүт, сілекей, шырыш және т.б. кездеседі. Оның молекулалық 
салмағы 170 000-500 000 Д.
Секретте IgА димер немесе тример түрінде кездеседі. IgА-ң 
димерлері мен тримерлері шырыштының эпителиалды жасушаларымен 
синтезделетін секреторлы нәруызбен байланысуға қабілеті бар. IgА тұзетін 
плазмалық жасушалар димерлі және тримерлі секреторлы нәруыз 
синтезделетін 
жанында 
орналасады. 
Димерлі 
түрі 
гидролиздік 
ферменттердің әсеріне төзімділігі басқа иммуноглобулиндерге қарағанда 
жоғары болады. Бұл антиденелерге әртүрлі ферменттердің әсер ету 
ортасында белсенділігін сақтауды қамтамасыз етеді. Мұрын-жұтқыншақта 
IgА белсенді түзілуін антигендер, әсіресе тірі вирус пен бактериялардың 
шырыш қабатына енгеннен кейін байқауға болады. IgА бактериялар мен 
вирустарды байланыстырып, олардың шырышты қабатта тіркелуіне бөгет 
жасайды. Бұл үрдістің әсерлігі өте зор.
IgА түзілуінің басталуы нәресте өмірінің ерте кезеңдерінде басталады, 
туылған уақытта ол әлі түзілмейді, бірақ үш аптадан кейін баланың 
сілекейінде IgА деңгейі ересектегідей болады. Сарысулық IgА кешірек 
пайда болады. 
Сүтқоректілердің көбінде, адамдарда да, IgА ана сүті арқылы енуі – 
баланың бактерияларға, вирустарға, тағамдық аллергендерге қарсы 
қорғауының маңызы.
IgЕ. IgЕ негiзгi цитофилдi иммуноглобулин, атопиялық аллергиялық 
серпілістің, яғни, жедел дамитын жоғары сезімталдықтың негізгі 
иммуноглобулині болып табылады. IgЕ-ні аллергологияда реагин деп 
атайды. Молекулалық салмағы 180000 тең. IgЕ молекуласының ауыр 
тізбегі 5 доменнен тұрады. Ауыр тізбектің С-ұшы полимерленуге қажетті 
аминдік 
қышқылдың 
қалдықтарынан 
тұрмайды, 
сол 
себептен 


56 
полимерленбейді. 
IgЕ 
комплемент 
жүйесiн 
активтемейдi, 
агглютинацияда қатыспайды. 
IgЕ концентрациясы сау адамдарда өте аз болады - 0,0002 г/л.
IgЕ жұмыс істеуі Fc-үзіндісіне арналған арнайы жасушалық 
рецепторлармен бірге жүреді; ол қан сарысуында тек қан ағымы арқылы 
ығысу үрдісімен сай келетін плазмалық жасушалардан базофилдерге және 
басқа жасушаларға барады. IgЕ өзінің Fc-узіндісімен сол жасушаның Fc-
рецепторларына орналасады. Сөйтіп, плазмалық жасушалар тек бір ғана 
арнайылықты IgЕ-нi синтездейдi, ал әр гистамин өндіруші жасуша (мес 
жасуша, базофил) IgЕ молекуласының Fc-фрагментін байланыстырып
әртүрлі антигендік арнайылығы бар IgЕ молекуласының қабатымен 
қоршалуы мүмкін. Мембранабайланыстырушы IgЕ-нiң өмірі 14 күн 
шамасында. 
Келесі кезең – антигенмен байланысу. Антиген өз детерминанттық 
тобымен сол антигендік арнайылықты мембрана байланысқан IgЕ Fab-
фрагментімен байланысады. IgЕ антигенмен байланысқан соң Fc-
рецептордың белсенділігі жоғарылау арқасында гистамин, брадикинин, 5-
окситриптамин, баяу әсер етуші анафилаксия субстанциясы және басқа 
биологиялық активті заттар тез бөліне бастайды, нәтижесінде жедел 
экссудативті қабыну, яғни атопиялық аллергияның клиникалық көріністері 
дамиды. Егер берілген арнайы IgЕ барлығы аллергендермен әсерлесіп 
болса, онда аллергенмен байланысу қабілеті жоқ Fab-фрагменттері 
болмағандықтан, бұл аллергенге десенсибилизация пайда болады. 
Атопиялық топқа жататын адамдарда иммунды серпіліс кезінде 
шырышты қабаттағы IgЕ деңгейі қалыпты жағдайдан өсіп, гиперергиялық 
серпілісіне әкеліп соғады. Ондай кезде ол науқастарда бронх демікпесіне, 
аллергиялық дерматиттерге, шөптік қызбаға сезімталды болады.
IgЕ 
гельминттерге 
қарсы 
иммунитетте 
қатысады. 
Fab-
фрагменттерімен гельминттің антигендік детерминанталарымен, ал Fc-
рецепторлар 
арқылы 
эозинофилдер 
бетіндегі 
рецепторлармен 
байланысады. Сол Fc-рецепторлар арқылы олар белсеніп, гельминттерге 
қарсы әсерлі медиаторларын бөледі.
IgD. IgD молекулалық салмағы 180000 Д. IgD концентрациясы адам 
сарысуында 0,0003-тен 0,0017 мг/л дейiн. Бұл иммуноглобулиннiң 
құрылысы басқа иммуноглобулиндердiң құрылысына қарағанда толық 
зерттелмеген. Оның себебі, қан сарысуындағы мөлшері өте төмен. Бұл 
иммуноглобулин, негізінде В-лимфоциттер бетінде рецептор түрінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет