95
Тимустың кортикомедуллярлы және милы қабаттарында оң
сұрыпталудан сақталып қалған Т-лимфоциттердiң клондары бiрқатар
цитокиндер мен тимикалық гормондардың (ең алдымен тимозин әсерiнен),
сондай-ақ жасушааралық әсерлесу әсерiнен пiсiп жетiлудiң келесi кезеңiне
өтедi және
терiс сұрыпталу үрдісiне ұшырайды.
Қалыпты
жағдайда
организмнің
иммундық
жүйесi
меншiктi
(аутологиялық) антигендерге төзiмдi. Соңғы көзқарастар бойынша
тимустағы терiс сұрыпталу үрдісі нәтижесiнде меншiктi антигендерге
төзiмдiлiк қалыптасады деп саналады.
Эксперименталды мәлiметтерге сүйене отырып көптеген зерттеушiлер
келесi тұжырымға келдi: тимустың кортикомедуллярлы және милы
қабаттарында түзiлген, бiрақ толық жетiлмеген CD4
+
және CD8
+
Т-
лимфоциттер организмнiң меншiктi антигендерiн (фагоцитоз бен
пиноцитоздан кейiнгі тимустың меншiктi жасушаларының ыдыраған
өнімдері және тимусқа қан арқылы түскен аутологиялық нәруызды
молекулалар) иммуногендi түрде, яғни I және II класс МНС
нәруыздарымен комплекс түрінде «ұсынып» тұрған макрофагтармен және
дендриттi жасушалармен әсерлеседi. Бiрақ, Т-жасушалық рецептор
көмегімен Т-лимфоциттер аталған антигендердi анықтаған кезде тек
арнайы белгiнi алады, ал апоптоздан қорғану үшiн, олар екiншi –
костимулдаушы белгiнi алуы тиiс. Сонымен қатар, тимоциттердiң бетiнде
Bcl-2 немесе Bcl-XL нәруыздарының экспрессиясы болуы керек, олар
сәйкес онкогендердiң өнiмдерi болып табылады және жасушаны
апоптоздан қорғайды. Жетiлмеген тимоциттердiң бетiнде аталған
нәруыздар және костимулдаушы молекулалар болмағандықтан немесе
олар өте аз мөлшерде болуы салдарынан меншiктi антигендерімен
әсерлескен Т-лимфоциттердiң клондары апоптозға ұшырайды.
Сонымен,
жасушааралық әсерлесу (костимулдаушы молекулалармен
әрекеттесу арқылы)
немесе гуморалды өсушi факторлар түрінде қажетті
белгiлердiң болмауы нәтижесiнде Т-лимфоциттер тимуста пiсiп
жетiлудiң барлық кезеңдерiнде апоптозға ұшырайды.
Клоналды сұрыпталу кезеңдерінде апоптоз керексiз, оң сұрыпталудан
өтпеген (МНС-рестрикция) және аутореактивтi клондардың (терiс
сұрыпталу) жойылуында маңызды орын алады. Нәтижесiнде меншiктi
антигендерге ерекшелiгi жоғары, Т-жасушалық рецепторы бар Т-
лимфоциттер клондарының көпшiлiгi жойылады. Қан айналымына Т-
жасушалық рецептордың «өзiнiң» антигендерiне ұқсастығы жоқ Т-
лимфоциттердiң клондары шығады және сақталады. Бүгінгі күні
клоналды
Достарыңызбен бөлісу: