Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Тх2-жасушаларының негiзгi қызметтерi



Pdf көрінісі
бет157/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Тх2-жасушаларының негiзгi қызметтерi 
Тх2-жасушалары өндiретiн цитокиндерiнiң көмегiмен келесi 
қызметтердi атқарады: 
1. ИЛ-4 әсерiнен В-лимфоциттерде иммуноглобулиндердiң өндiрiлуiн IgЕ 
мен цитофилдi IgG (2, 4) алмастырады. 
2. Тх2-жасушалары  ИЛ-4 көмегiмен Кумбс пен Джелл жiктелуi бойынша 
жоғары  сезiмталдықтың  I  механизмiнде  (атопиялық  аллергиялар) 
маңызды  қызмет  атқаратын  мес  жасушаларының  көбеюiн  шақырады. 
Мес  жасушалары  вазоактивтi  аминдерден  (гистамин,  брадикинин, 
серотонин 
және 
т.б.) 
басқа 
эозинофилдердiң 
гельминтердiң 
личинкаларына токсикалық әсерiн күшейтедi. 
3. Тх2-жасушаларымен  өндiрiлетiн  ИЛ-5  цитокинi  де  эозинофилдердiң 
көбеюiн шақырады.  
4. ИЛ-5 сондай-ақ IgA өндiрiлуiн күшейтедi. 
5. Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-10, ИЛ-4 және ИЛ-13 Тх1 түзiлуiн 
және  олармен  ИЛ-2  мен  IFN-  өндiрiлуiн  тежейдi.  Сондай-ақ 
макрофагтармен  ИЛ-12  өндiрiлуiн  де  тежейдi.  Нәтижесiнде  Т-
киллерлермен және макрофагтармен жүзеге асатын иммунды жауаптың 
барлық звенолары басылады. 
Сонымен,  қалыпты  жағдайда  Тх2  цитофилдi  иммуноглобулиндердiң 
(IgG2,  IgG4  және  IgE)  өндiрiлуiн  шақырады,  сонымен  қатар  негiзгi 
секреторлы  IgA  өндiрiлуiн  шақыру  арқылы  шырышты  қабаттардың 
қорғанысын қамтамасыз етедi. 
Эозинофилдердiң  көбеюiн  ынталандыру  және  IgE  өндiрiлуiн  шақыру 
арқасында  Тх2  гельминттерге  қарсы  иммунитетте  шешушi  рөл  атқарады. 
Эозинофилдерде  IgE  үшiн  Ғс-рецепторлар  бар,  осы  рецепторлар  арқылы 
гельминт  личинкаларымен  байланысқан  иммуноглобулин  эозинофилдiң 
дегрануляциясын 
шақырады. 
Нәтижесiнде 
бөлiнетiн 
медиаторлар 
гельминттердiң личинкаларына цитотоксикалық әсер етедi. 
Тх2 иммунды жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады. Тх2 шамадан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет