ЦИТОКИНДЕР Интерлейкиндер. Iсiк некроздаушы факторлар. Колониябелсендіруші факторлар. Интерферондар. Өсу факторлары. Хемокиндер. Цитокиндердiң биологиялық әсерлері. Клиникада цитокиндердi қолдану (цитокиндiк және антицитокиндік терапия). Цитокиндер – түрлi антигендерге қарсы иммундық жауапта және
арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенiң жасушаларының
арасындағы кең және күрделi ара-қатынастарды қамтамасыз ететiн,
иммунды жүйенiң белсендiрiлген жасушаларының нәруызды немесе
полипептидтi өнiмдерi болып табылатын медиаторлар. Басқаша айтқанда,
цитокиндер
иммундық
жүйенiң
жасушаларының
әрекеттесуiнiң
гуморалдық құрастырушысы. Қазiргi таңда иммундық серпiлiстер мен
қабынудың ұзақтығы мен күшiн реттей алатын 40-тан астам цитокиндер
табылған.
Цитокиндердiң
маңызы
иммунология
саласымен
ғана
шектелмейдi, олар қан түзуге, патологияның дамуына белсенді қатысады.
Цитокиндер әр түрлі белгілерге жауап ретінде өндіріліп, жүйелі әсер
келтіреді (айналымдағы қанда - эндокринді әсер, бір жасушадан басқа
жасушаға – паракринді әсер және жасушаның өзі өзіне – аутокринді әсер).
Цитокиндерді
бірнеше
топқа
бөледі:
интерлейкиндер (лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар(вирустарға
қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар (цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы