Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Цитокиндік терапия қолдануының шектелуі



Pdf көрінісі
бет214/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   459
 
Цитокиндік терапия қолдануының шектелуі 


 
159 
Цитокиндерді  ем  шарасы  ретінде  қолдануы  бір  қатар  жағдайлармен 
шектеледі: 
  қысқа мерзімде элиминациялануы; 
  жоғары  жергілікті  қонцентрацияны  қалыптастыруының  қыйын 
болуы; 
  терапевтикалық 
концентрацияларды 
сақтау 
үшін 
жиі 
инъекциялардын қажеттілігі; 
  әсерлерінің плейотроптығы; 
  көп-қайтара инъекциялар кезінде асқынулардың пайда болуы; 
  түререкшелігі; 
  әсерлері цитокиннің мөлшеріне тұра байланысты болмауы; 
  цитокиндердің 
жануарларда 
фармакологиялық 
сынау 
нәтижелерімен 
олардың 
терапевтикалық 
әсерлері 
өзара 
корреляцияланбауы; 
  цитокиндік 
терапияның  ағзаға  әсерін  бақылауының 
және 
болжамдауының қиын болуы; 
  алшақталған нәтижелерінің болжамсыз болуы. 
 
Көбінесе  эндогендік  цитокиндердің  шамадан  тыс  өндірілүі  өзі 
патологиялық  процесстерді  шақырады.  Бұл  жағдайларда  антицитокиндік 
терапия  қолданылады.  Бұл  сала  соңғы  кезде  калыптасып,  күннен  күнге 
эксперименталдық  мәлеметтер  жиналған  сайын  дамып,  өзінің  орнын 
алуда.  
 
Сонымен,  клиникалық  тәжірибеде  науқастың  ағзасының  цитокиндік 
балансына  назар  аудара  отырып,  цитокиндік  және  антицитокиндік 
терапияны қолдану нәтижелі иммунокоррекциялық терапияның негізі бола 
алады.  
Қорытып 
айтқанда, 
цитокиндердің 
тығыз 
байланысуының 
нәтижесінде  организм  көлемінде,  цитокиндерді  жоғары  мөлшерде 
енгізгенде әсері айқындалатын, цитокиндер торы қызмет етеді. Сондықтан 
жоғары  дозалық  цитокиндік  препараттарды  емдеу  әдісі  ретінде  қолдануға 
мүмкіншілік бар.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет