Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет217/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   459
жағынан 
сау 
жасушалардан 
айырмашылығы 
шамалы. 
Ол 
айырмашылықтар  онша  бiлiнбеуi  мүмкiн,  бiрақ  олар  бар.  Iсiктiң  осындай 
маңызды мiнездемесi iсiкке қарсы арналған емнiң арнайы тәсiлiне әкеледi. 
Бұл 
мәселенi 
шешуге 
және 
түсiнуге 
әкелетiн 
қадамдарды, 
қиыншылықтарды  түсiну  үшiн  қатерлi  iсiк  дамуындағы  иммунологиялық 
өзгерiстерге тоқталу қажет. 
 
Iсiк жасушаларының антигендiк құрамы 
Өзiнiң антигендiк құрамы жағынан iсiк тiндерi мен сау тiндер тек сан 
жағынан  ғана  емес,  сонымен  қатар,  сапасы  жағынан  айырмашылығы  бар. 
Адамда  кездесетiн  қатерлi  iсiктерде  ерекше  антигендердiң  болуын  алғаш 
рет  тәжiрибе  жүзiнде  Л.А.  Зильбер  ашқан.  Кейiн  ол  көптеген  тәжiрибе 
және  клиникалық  зерттеу  кезiнде  дәлелдендi.  Ол  антигендер  iсiкке 
байланысты  болып,  соған  сәйкестiк  бiлдiредi,  мұндай  өзгерiстер    сау 
тiндерде жоқ немесе өте аз мөлшерде кездеседi. 
Iсiк  антигендерiнiң  генетикалық  құрылысы  iшкi  немесе  сыртқы 
болады.  Iсiк  антигендерiнiң  сыртқы  генетикалық  құрылысы  жасушаға 
сырттан  енгiзiлген  өзгерiстердiң  енуiне  байланысты  (онкогендi  вируспен 
жұқтырылғанда).  Бұл  кезде  бөгде  генетикалық  бағдарлама  жасушада 
вирус  антигенiнiң  (типтiк  және  топтық  ерекшелiгi)  және  вирусты  емес 
антигеннiң 
әсерiнен 
пайда 
болады. 
Оларға 
iсiк 
ядросы 
мен 
цитоплазмасының 
антигендерi 
және 
беткей 
iсiкерекшелi 
трансплантациялық (ОСТА) антигендерi жатады.  
Iшкi  себептермен  шақырылған  iсiкерекшелiк  антигендердiң  пайда 
болуы  тұқымқуалаушылыққа  байланысты,  тiк  тасымалдау  арқылы  вирус 
онкогенiнiң  геномға  енуi  немесе  жасуша  бөлiнуiн  қадағалаушы  гендердiң 
онкогендер, iсiк тежеушi гендер (өсу факторларына арналған рецепторлар 
түзiлуiн  қадағалаушы  және  пролиферацияны  кедергiлейтiн  фактор,  т.  б.) 
мутантты  түрлерiмен  байланысты  болуы  мүмкiн.  Сонымен  қатар, 
iсiкерекшелi  антигендер  пайда  болуы  осы  топ  гендерiнiң  обыр  туғызушы 
әсерiмен өзгеруге де байланысты болуы мүмкiн, себебi олар адам өмiрiнде 
үнемi түзiлiп тұрады.  
Қатерлену  кезiнде  жасушалардың  аз  немесе  үлкен  мөлшерде  табиғи 
қызметтерi  кемидi  және  олар  әлсiз  дамыған  жасушаларға  айналады.  Бұл 
үрдiс сау тiндерге саты ерекшелк антигендердiң жойылуына алып келедi. 


 
163 
Осымен  бiрге,  әдетте  эмбрион  кезеңде  болатын  гендер  белсендiлiгi 
арқасында,  рак-эмбрионалды  антигендер  де  пайда  болады  (РЭА).  Рак  
жасушасы  геномының  жұмысы  белсендi  түрiнде,  басқа  тiндерге  зиянды 
әсерiн  тигiзуiнiң  нәтижесiнде  iсiк  жасушасының  бетiнде  басқа  тiндерге 
тән антигендер пайда болады (гетеромүшелiк антигендер). 
Қазiргi  кезде  iсiктер  түрiмен  бiрлескен  көпшiлiктi  эмбрионалды 
антигендер  анықталған.  Оның  iшiнде  толық  зерттелген:  альфа-
фетопротеин,  карцино-эмбрионалды  антиген,  эмбрионалды  сульфоглико-
протеин,  Н-цитокин,  Реган  фосфатазасы,  т.  б.  Рак-эмбрионалды 
антигендердiң  аурулар  қан  сарысуында  анықталуы  рактың  ерте 
анықталуына мүмкiндiк бередi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет