Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Қатерлi iсіктің иммунды диагностикалауы



Pdf көрінісі
бет232/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   459
Қатерлi iсіктің иммунды диагностикалауы  
Қатерлі  ісіктi  иммунды  тәсiлiмен  анықтау  жолдары  ісік  жасуша 
бетіндегі  қалыпты  жасушалардан,  ерекшелiгiмен  байланысты.  Біріншіден 
ол  ісікерекшелi  антигендер,  олардың  құрамында  трансплантациялық 
антигендер, 
вируспен 
әсерленген 
антигендер, 
ісік-эмбрионалды 
антигендер,  онкогендер  белоктары  және  тағы  басқалар  болады.  Бұл  
маркерлердің  ісік  жасушасында  болуы  диагностикалық  маңыз  береді, 
себебі  iсiктi  анықтауға  көмектеседі.  Онкологиялық  аурулардың  қан 
сарысуында  ісікерекшелi  факторлар  да  болады.  Бұл  –  ерігіш  ісік 
антигендері,  антиденелер  және 
ісік  антигенiне  арнайы 
түзiлген 
лимфоциттер. 
Иммунды  диагностиканың    бағыты 

in  vitro  жағдайында,  яғни 
организмнен  тыс  (пробиркада)  iсiктiң  өнiп-өсуiнде,  былайша  айтқанда 
аурудың  клиникалық  белгiлерiне  дейін,  ісікті  табу,  атын  және  орналасу 
жерін  анықтау  әдiстерiнiң пәрмендi  болуы.  Ондай  әдiстер  дерттiң  ерте 
кезеңдерiн  анықтауда  және  басқа  аурулардан  ажырату  диагностикасында 
өте  қажетті.  Бұл  әдiстер,  сонымен  қатар,  дерттiң  асқыну  кезеңінде   
метастаздарын  анықтау  үшін  де  керек.  Жан-жақтан  тексерiлiп,  сынақтан 
өткен  стандартты  иммунологиялық  әдістер  көмегімен  көпшілік  халық 
арасында  скрининг  жүргізіп,  дертке  деген  жоғарғы  қауіпті  топты  анықтау 


 
173 
үшiн  бұл  әдiстер өте  қажет.  Бірақ,  қазір  клиникада  осы  талаптарға  сай 
келетiн,  аса  қымбат  емес,  кең  тараған  иммунды  диагностика  әдiстері 
шамалы.  Сонымен  бiрге,  көптеген  фармакологиялық  фирмалар  мен 
ғылыми  институттар  осы  әдiстердi  дайындауда  көп  іс  жүргізуде.  Бұл 
деңгейде бірқатар жетістіктер де жоқ емес.
Тиiмдi  иммунды  диагностикада  сезiмталдығы жоғары  изотоппен, 
ферменттермен  немесе  люминесцентті  бояғыштармен  белгiленген
моноклонды  антиденелер кеңiрек қолданылатынын айта кету қажет. 
Бұл  моноклонды  антиденелер  iсiктердiң  жаңа  жіктеуiнде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет