Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


-ші  сурет.  Антиденетәуелді  жасушалық  цитотоксикалық



Pdf көрінісі
бет226/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   459
  
23-ші  сурет.  Антиденетәуелді  жасушалық  цитотоксикалық 
әсері 
 
Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық  механизмдері 
Fc-рецепторлар 
Δ литикалық 
Беткері антиген 
Ісік 
жасушасы 


 
168 
Ісікке  қарсы  иммунитетте  маңызды  рөлі  Т-лимфоциттерге, 
макрафагтарға, 
NK-жасушаларға 
арттырылған 
(24-ші 
сур.). 
Т-
лимфоциттердің  ішінде  ісік жасушаларына қарсы арнайы цитотоксикалық 
қызметтi Тх
1
 және Т-киллерлер атқарады. 
Тх
1
 
ісік 
антигенін 
ІІ 
класс 
МНС 
антигендерiмен 
бiрге, 
антигентаныстырушы    жасуша  (АТЖ)  бетінен  танып,  белсенеді  де 
цитокиндер түзедi, олардың көмегімен ісікке қарсы иммуниттетің бірқатар 
механизмдері қосылады. Сөйтіп, Тх
1
 түзетiн ИЛ-2 аутокриндi түрiнде Тх
1
-
дiң  қосымша  көбеюін  күшейтеді,  бұл  жағдай  арқылы  иммунды  жауаптың 
күшi  жоғарлайды.  Сонымен  қатар,  ИЛ-2  IFN--мен  бірге,  ісікерекшелi  Т-
киллерлер бөлiнуi мен дамуын шақырады.  
Т-киллерлер  ісікерекшелi  антигендерді  І  класс  МНС  белоктарымен 
бiрге  танып,  белсенеді  және  ісік  жасушаларына  цитотоксикалық  әсер 
көрсететін  гранулалы  жасушалар  бірқатар  цитокиндердi  түзеді.  Ол 
цитокиндер:  перфорин,  лимфотоксин  (басқаша  ісіктi  өлтiрушi  фактор-   
ТNF-) және фрагментиндер.  
Перфорин  –  бұл  төмен  молекулалы  белок,  нысана-жасуша 
мембранасында  полимерленiп,  оған  су,  электролиттер  өте  алатын 
трансмембраналық  өзектердi  түзеді.  TNF-,  ісік  өлтiрушi  фактор-альфа 
тәрізді,  Fas-белогымен  (CD95)  ісік  жасуша  бетінде  қосылып,  жасушаның 
ДНК бөлiнуiне, яғни апоптозға (бағдарланған жасушаның “өзін өзі” жоюы 
-  өлуi)    әкелетiн  ферментативті  серпілістерді  қосады.  Сондықтан,  TNF- 
және TNF- – Fas-лигандтар тобына, яғни апоптоз шақырушы факторларға 
жатады. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет