Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


белгілі  бір  жағдайда  ИЛ-2  ісіктi  асқындырып  жiбередi



Pdf көрінісі
бет231/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   459
белгілі  бір  жағдайда  ИЛ-2  ісіктi  асқындырып  жiбередi.  Ондай  жағдай 
кем  дегенде  екi  кезде  болады.  Біріншіден,  кейбiр  ісік  жасушаларда  бір 
уақытта  ИЛ-2-ге  арналған  рецепторлар  (СД25)  және  ИЛ-2  өзiн  де  түзеді. 
Бұл  жағдай ісік  жасушаларының  аутокринді  көбеюіне  себеп  жасайды. 


 
172 
Екіншіден,  ісік  жасушалардың  ИЛ-2  арналған  рецепторлары    мен  Тх
1
 
түзетiн  ИЛ-2  бiрiгiп  ісіктiң  сырттай  (паракриндi)  өсуін  қоздырады.  Бұл 
жағдай онкологиялық ауруларды емдегенде теріс әсер көрсетуі мүмкін. 
Мұндай  теріс  әсердi  алдын  алу  үшін,  ісігі  бар  аурулардың 
жасушаларындағы  ИЛ-2  (СД25)  арналған  рецепторлардың  деңгейін  бiлу 
керек.  Мысалы,  СД25  жоғары  деңгейде  болса,  ИЛ-2  ісік  жасушасын 
күшейтеді.  Сонымен  қатар,  СД25  қатерліктiң  жоғары  деңгейiн  көрсетедi, 
ал осы жасушалардың дақылдары ісікте бөлiнудi күшейтiп, лимфоциттерге 
кедергі жасайды. 
Iсiктерде  ИЛ-2  әсерінен  дерттiң  өсуi  бірқатар  iсiктерде:  сүт  безі, 
ішек,  жалпақ  жасушалы  карциномада  тағы  басқаларда  жоғары  байқалған, 
ал  iсiк  жасушасы  бетiнде  СД25  төмен  деңгейде  болса  немесе  мүлдем 
болмаса, ИЛ-2-нiң қолдануы бас, мойын, асқазан, бүйрек карциномасы бар 
аурулардың өсуін тежейдi. 
Соңғы  кезде,  ісік  жасушалары  басқа  да  цитокиндерді  түзіп,  өз  бетінде 
оларға  арналған  рецепторларды  туғыза  алатындығы  көрсетілген.  Бұл 
рецепторлар және оларға сай келуші цитокиндердің қарым-қатынасы ісік өсуіне 
iштен  (аутокринді)  де,  сырттан  (паракринді)  де  әсер  етеді.  Iсік  жасушаларында 
ИЛ-2, ИЛ-10-нан басқа, ИЛ-1, ИЛ-6, ИЛ-7, ИЛ-15 және тағы цитокиндер түзiлуi 
және оларға арналған рецепторлар болуы мүмкiн. 
Сөйтіп,  ісік  пен  организмнің  иммунды  жүйесінің  күрделі  қатынасы 
көптеген бірқатар факторлармен белгіленеді. Ісік регрессиясы (кейiн кетуi) 
иммунды жүйе ісіктің тежегiштiк әсерінен жоғары болып, толық дәрежеде 
жұмыс  атқарғанда  және  иммунды  жүйенi  толықтыру  емiнiң,  пәрмендi 
иммунды  жауаптың  әр-бiр  тізбегіне  дәл  әсерлігін  көрсеткенде  болуы 
мүмкiн. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет