Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет369/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

ИЛ-2  тапшылығы.  Сирек  кездесетiн  иммундық  тапшылық.  Патогенезi 
анықталмаған.  ИЛ-2  қадағалайтын  гендер  транскрипциясы  бұзылған.  Шеткi  Т-
лимфоциттердiң  мөлшерi  қалыпты.  Т-жасушалық  иммундық  тапшылықтың 
айқын клиникасы болады.        
 
Көптеген  цитокиндердiң  тапшылығы.  ИЛ-2,  ИЛ-4,  ИЛ-5  және  IFN-γ 
мөлшерi  күрт  азайған.  Осындай  ААИЖ-гi  бар  бір  нәресте  туралы  мәлімет  бар. 
Ақаудың генетикасы әлi зерттелмеген.  
 
Фагоцитарлық жүйенiң бiрiншiлiк тапшылықтары 
Адам  иммунитетi  күрделi  көп  компоненттi  жүйе  болып  табылады. 
Ағзаны жұқпадан қорғау үшiн, туа пайда болған төзiмдiлiкпен қатар, жүре 
пайда  болған  иммунитет  факторлары  да  қатысады.  Жұқпалық  үрдiстер 
дамуының  ерте  кезеңдерiнде  –  алғашқы  3-4  тәулiкте  –  организмнiң 
жұқпалық  агенттерден  қорғанысы  иммунитеттiң  арнайы  емес  факторлар 
жиынтығымен  жүзеге  асады.  Олар  комплемент  жүйесi,  жедел  фазалық 
нәруыздар, монокиндер, фагоциттер, табиғи киллерлер (өлтiргiштер) және 
т.б. 


 
246 
Шартты  түрде  барлық  микроағзаларды  жасушадан  тыс  және 
жасушаiшiлiк  деп  бөлуге  болады.  Жасушадан  тыс  қоздырғыштарға  қарсы 
күресте  негiзгi  эффекторлық  жасушалар  нейтрофилдер  болып  табылады. 
Олардың  жұту  және  бактерицидтiк  қызметтерi,  комплемент  және 
антиденелердiң 
қатысуымен, 
сонымен 
қатар, 
макрофагтар, 
NK-
жасушалары 
және 
Т-лимфоциттер 
өндiретiн 
iсiк 
некроздаушы 
факторлармен (TNF-α), ИЛ-1, ИЛ-6 және т.б. цитокиндермен күшейедi. 
Жасушаiшiлiк  қоздырғыштарға  қарсы  күресте  негiзгi  эффекторлық 
жасушалар макрофагтар болып  табылады. Олар NK-жасушаларымен  және 
Т-хелпер-1 жасушаларымен кооперацияда жұмыс iстейдi. Макрофагтардың 
бактерицидтiк  және  цитотоксикалық  қасиеттерi,  қоздырғыштардың 
антигендерiмен  белсенгеннен  кейiн,  Тх1  және  NK-жасуша  бөлетiн 
интерферондардың, TNF- α және т.б. цитокиндермен жоғарылайды.  
Шырыш 
немесе 
терi 
жабындылары 
арқылы 
енген 
кезде 
қоздырғыштардың  алғаш  кездесетiн  жасушасы  тiндiк  макрофаг  болып 
табылады.  Макрофаг  микробты  ұстап  алғаннан  соң  белсенденiп,  жаңа 
моноциттер/макрофагтардың,  нейтрофилдердiң  және  NK-жасушалардың 
функционалдық  белсендiлiгiн  жоғарлататын  бiрқатар  монокиндер  түзе 
бастайды.  Макрофагтар  жұқпалы  агенттердi  өңдеп,  Т-  және  В-
лимфоциттерге таныстыратын маңызды қызмет атқарады. Нәтижесiнде Т- 
және В-лимфоциттердiң қызметiн бақылайтын бiрқатар цитокиндердi түзе 
отырып,  арнайы  гуморалдық  және  жасушалық  иммундық  жауаптың 
дамуын ынталандырады. 
Демек,  макрофагтар  және  нейтрофилдер  кiретiн,  фагоцитарлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет