жүйенiң ақаулары кезінде жұқпаға қарсы қорғаныстың арнайы және арнайы емес механизмдердiң тиімділігі төмендейдi.Жұқпалық
үрдiстердiң сипатына қарай, иммунитеттiң қай компонентi жеткiлiксiз
түрде жұмыс iстейтiнi туралы бiлуге болады. Мысалы, нәресте өмiрiнiң
алғашқы күндерiнде, патогендi кокктар шақыратын, терiнiң және
шырышты қабаттың iрiңдi-қабыну үрдiстерi дамитын болса, онда туа
пайда болған фагоцитарлық жүейенiң ақаулары бар екенiн болжауға
болады.
Фагоцитоз үрдiстерi бiрнеше кезеңдерден тұрады: хемотаксис,
адгезия, жұту, дегрануляция, киллинг және микроағзаларды ыдырату.
Көрсетiлген кезеңдердің ақауларымен байланысты бiрiншiлiк иммундық
тапшылық жағдайлары дамиды. Фагоцитарлық жүйенiң бiрiншiлiк ИТЖ
әртүрлi
варианттарының
патогенезi,
тұқымқуалаушылық
түрлерi,
клиникалық көрiнiстерi, зертханалық тексеру әдiстерi және емдеу
тәсiлдерi қазiргi уақытта зерттелiп және өңделiп жатыр.