Комплемент жүйесіағзаның негізгі арнайы емес гуморалдық
қорғаныс
факторларының
бірі
болып
саналады.
Комплементтің
компоненттері мен оның рецепторлары, сонымен қатар активтену кезінде
түзілетін фрагменттер мен кешендер көптеген үрдістерге қатысады және
олар келесі әсерлерді шақырады (8-ші сурет):
- микроорганизмді тікелей лизиске ұшырату;
- фагоцитозды күшейту;
- лейкоциттерді белсендіру жән оларды қабыну ошағына тарту
(хемотаксис);
- кейбір вирустарды бейтараптау;
- иммундық кешендерді шығару.
61
Сонымен қатар, комплемент жүйесінің белсенді нәруыздары
аллергиялық және аутоиммундық аурулар, трансплантация мен басқа да
жағдайлар кездерінде қуатты қабыну медиаторы болады.