Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі



Pdf көрінісі
бет97/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

    Бұл бет үшін навигация:
  • IgM, IgG1
 
Комплемент жүйесінің классикалық жолмен активтенуі 


 
63 
Комплемент  жүйесінің  классикалық  жолмен  активтенуі  арнайы 
болып келеді, себебі оның басталуы үшін антиденелер қатысуы керек.  
Комплементтің 
классикалық 
жолмен 
активтенуі 
иммундық 
кешендердің  түзілуінен  басталады.  Бірақ,  мұндағы  маңызды  жағдайдың 
бірі  –  иммундық  кешендердің  құрамында  иммуноглобулиндердің  белгілі 
бір  кластары  мен  подкластарына  кіретін  антиденелер  болуы  тиіс.  Адамда 
оларға IgM, IgG1 және IgG3 жатады. 
С1  молекуласы  мен  антиген-антидене  кешенінің  байланысуы  
классикалық  жолдың  негізі  болып  табылады.  Нәтижесінде  комплемент 
жүйесінің  активтенуі  басталады.  С1  компоненті  C1q,  C1r  және  C1s  деген           
3  суббірліктен  тұрады.  Олар  активтенуге  дейін  қан  плазмасында 
байланыспаған  түрде  кездеседі.  Активация  басталу  үшін  аталған  үш 
суббірлік біртұтас кешен түрінде «жинақталуы» тиіс, яғни ферментативтік 
белсенділігі  бар  С1  молекуласы  қалыптасуы  керек.  Бірақ  суббірліктер 
«жинақталу» үшін белгілі жағдайлар керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет