Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Комплементтің  компонеттері  анадан  балаға  плацента  арқылы



Pdf көрінісі
бет96/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   459
Комплементтің  компонеттері  анадан  балаға  плацента  арқылы 
өтпейді.  3  айлық  нәрестелерде  комплемент  жүйесі  нәруыздарының 
деңгейі ересек адамдардың деңгейіне сәйкес келеді.     
Бүгінгі күнде комплемент жүйесі активтенуінің 3 механизмі белгілі: 
1.  классикалық жол; 
2.  альтернативтік жол; 
3.  лектинді жол. 
 
Комплемент жүйесінің активтену механизмдері 
Қалыпты  жағдайда  комлемент  нәруыздары  қан  саруында  белсенсіз 
ізашарлар  түрінде  болады.  Олардың  микробтармен  немесе  иммундық 
кешендермен байланысуы каскадты активтену серпілісіне және белсенді 
компоненттердің 
жинақталуына 
алып 
келеді. 
Нәтижесінде, 
ферментативті серпіліс әсерінен, белгілі бір тәртіппен, компоненттердің 
ыдырауы  басталады.  Бір  серпілістің  өнімі  келесі  кезең  үшін  фермент 
түзеді.  Активацияның  басталуына  шағын  стимул  себепші  болады  және 
оның кейбір кезеңдері Са
2+
 және Mg
2+  
иондарына тәуелді.  
Әрбір компонент активация кезінде 2 немесе одан көп фрагменттерге 
ыдырайды. 
Фрагменттердің 
біреуі 
жасуша 
мембранасындағы 
рецептормен  немесе  басқа  құрылыммен  байланысады,  ал  екіншісі  – 
келесі компоненттің активтенуін  шақырады.  
Комплемент  жүйесінің  активтенуі  геометриялық  прогрессия  заңы 
бойынша  жүреді,  яғни  активацияның  әрбір  кезеңінде  көптеген  жаңа 
молекулалар  қосылып  отырады.  Сондықтан  тек  бір  С1  молекуласының 
активтенуі  мыңдаған  мембрананы  зақымдайтын  белсенді  С5-9 
кешендерінің  (лизистік  кешендер)  түзілуіне  алып  келеді.  Лизистік 
кешендер нысана-жасушаның мембранасын зақымдайды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет