Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар



Pdf көрінісі
бет110/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Комплемент жүйесінің нәруыздарына рецепторлар 
 
Компонент  фрагменттері  мен  кейбір  бос  компоненттер,  сонымен 
қатар 
бактериялардың, 
вирустардың, 
саңырауқұлақтардың 
және 
жасушалардың  бетінде  фиксацияланған  фрагменттер  көптеген  жасуша 
бетіндегі 
комплементке 
арналған 
мембранды 
рецепторлармен 
байланысады. 
Жасушалармен 
рецепцияға 
комплементтің 
табиғи 
компоненттері  емес  олардың  әртүрлі  функционалды  қасиеттері  бар 
ыдыраған фрагменттері қатысады.  
 
Комплемент компоненттерінің фрагменттеріне арналған рецепторлар 
екі  түрлі  тұқымдастыққа  жатады:  комплементтің  активтенуін  реттегіштер 
тұқымдастығы  (RCA  –  regulators  of  complement  activation)  және  β2-
интегриндер тұқымдастығы. 
CR1  (CD35).  Молекулалық  салмағы  160-250  кД.  Бұл  рецептор  С3b, 
С4b,  iС3b  фрагментерін  байланыстырады  және  жасушаларда  кеңінен 


 
72 
тараған. 
Олар: 
макрофагтар 
мен 
нейтрофилдер, 
В-лимфоциттер, 
фолликулярлы  дендритті  жасушалары  және  эритроциттер.  Жұқпалардан 
кейін  қанда  ерігіш  иммундық  кешендердің  біраз  мөлшері  жинақталып 
қалады.  Олардың  қан  айналымында  болуы  тамырлардың  қабырғасы  үшін 
қауіпті.  Сондықтан  комплементтің  белсенді  компоненттері  -  С4b  мен  C3b 
ерігіш иммундық кешендермен ковалентті байланысады және оларды CR1 
арқылы  эритроциттерге  қосады,  ал  олар  өз  кезегінде  иммундық 
кешендерді  бауыр  мен  көкбауырдағы  макрофагтарға  алып  келеді. 
Макрофаг  эритроцитті  зақымдамай,  оның  бетіндегі  иммундық  кешенді 
«шешіп»  алады.  Осылайша  қанның  иммундық  кешендерден  тазаруы 
қамтамасыз етіледі.  
С3b  мен  С4b  фрагменттерінің  CR1  байланысуы  нәтижесінде 
нейтрофилдермен 
және 
моноциттермен 
иммундық 
кешендердің 
фагоцитозға ұшырауы ынталанады. 
CR2 (CD21). Бұл рецептор көбіне В-лимфоциттер мен фолликулярлы 
дендритті  жасушаларда  кездеседі.  В-лимфоциттерде  CR2  рецепторы 
Эпштейн-Барр вирусы үшін лиганда қызметін атқарады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет