Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Иммунитеттің  төмендеу  кезеңі



Pdf көрінісі
бет400/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Иммунитеттің  төмендеу  кезеңі  –  алдымен  жылдам,  кейіннен  баяу 
жүреді  және  бірнеше  жылға  немесе  оншақты  жылдарға  созылады.  IgM  мен 
IgA  антиденелерінің  деңгейі  IgG  титріне  қарағанда  жылдам  төмендейді. 
Иммунитет  жылдам  төмендеген  сайын  иммунитетті  ұстап  тұру  үшін 
вакциналарды керекті мөлшерде жиі енгізіп тұру керек.  
Жұқпадан  кейінгі  иммунитеттің  ұзақтығы  қоздырғыштың  қасиетіне, 
жұқтырушы  мөлшеріне,  иммундық  жүйенің  жағдайына,  генотипке,  жасқа 
және  де  басқа  факторларға  тәуелді.  Иммунитет  қысқа  мерзімді  болуы 
мүмкін, мәселен, тұмау, іш сүзегі, қайталама іш сүзегі кезінде қысқа мерзімді 
болса,  күйдіргі,  риккетсиоз,  лептоспироз,  сары  қызба  кезінді  ұзақ  мерзімді 
болады,  ал  сал,  қызылша  және  көк  жөтел  кезінде  тіпті  бүкіл  өмір  бойына 
сақталады. 
Жасанды  иммунитет  сол  қоздырғыштың  қайтадан  жұғуынан  қорғайды. 
Мұнда  иммунитеттің  негізгі  механизмі  бейтараптау  эффектісімен  байқалса, 
айналымдағы  антиделердің  белгілі  бір  деңгейде  болуы  реинфекциядан 
сақтайды.  Қоздырғыштың  екінші  мөлшерін  енгізгенде  оның  жұққыш 
белсенділігі  әлсірейді  және  қайталама  жұқпаға  Т-  мен  В-жасушаларының 
жауабы  біршама  жылдамдайды.  Иммунизациядан  кейін  пайда  болған 
антиденелер  уақыт  өте  жойылуы  мүмкін,  бірақ  жұқпаға  қарсы  қорғаныс 
сақталады.  Бұл  жағдайда  патогенді  енгізгеннен  кейін  ағза  екіншілік 
серпіліспен жауап береді.     
Жұқпалы  аурулармен  күрестегi  негiзгi  жетiстiктерге  белсендi  және 
пассивтi иммунизация арқасында жеттiк.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет