Пассивтi иммунизация кезiнде адамға құрамында белгiлi бiр
қоздырғыштардың
антигендеріне
қарсы
антиденелер
бар
арнайы
сарысуларды енгiзедi. Пассивтi иммунизация жылдам әсер бередi, сондықтан
оны терапиялық мақсатта жиi қолданады. Тiптi эпидемиялар кезiнде оның
алдын алу үшiн де қолданады. Көбiне құрамында жоғары титрдегi арнайы
антиденелерi
бар
гомологиялық
сарысуларды
(антистрептококты,
антистафилококты және т.б.) жұқпалы агенттерден қорғану үшін енгiзедi. Ал
жоғары мөлшерде токсиндердi өндiретiн ауруларды (мысалы, күл, сiреспе,
ботулизм, газды гангрена) емдеу кезiнде гетерологиялық антитоксикалық
сарысу қолданады.