Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет106/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   316
Анодты-механикалық өңдеу әдісі үлпектердің пайда болуымен 
анод бетінің еруіне негізделген, үлпектер механикалық жолмен-
қозғалыс арқылы металл катодты жояды. Осы қағидамен, мәселен, 
металды анодты-механикалық тәсілмен кесу жүреді (1.95- сур.). 
Катод 1 қозғалғанда (дискінің немесе таспаның), қысыммен пайда 
болатын таспа үлпек арқылы кесілетін металмен (анод) 2 
жанасқанда, кесілетін металл мен сұйық әйнек ерітіндісінің сулы 
ортасындағы дискі арасында өтетін электрхимиялық және 
электртермиялық токтың 3 бірігуінің әсерінің нәтижесінде 
металдың бағытталған бұзылуы орын алады. Кесу барысында 
металды ажырату қарқындылығы 2 000...6000 мм
3
/мин, өңдеу 
дәлдігі - 11-ші квалитет, беттің кедір-бұдырлығы Ra 2,5...1,25 мкм 
шамасында болады.
141 


1.95-сур. 
Металды анодты-механикалық 
әдіспен кесу схемасы 
_____________________________________ 
2 
Анодты-механикалық әдіспен сондай-ақ 
әрлеу және тегістеу жұмыстарын да 
жүргізуге болады. Бұл жағдайда процесс 
электролитке орналастырылған пластинамен 
(катодты) беті мен өтпесі арасында өтетін 
кезде, дайындау бетіндегі (анодтың) бетінде 
қалыптасқан үлпектерді механикалық алып 
тастаудан тұрады. Үлпекті шығаратын құрал 
электрлік бейтараптайды. Металды шығару 
қарқындылығы 2...6 мм
3
/мин, өңдеудің дәлдігі 
6-шы, 7-ші квалитет, бетінің бұдырлығыRa 
0.32...0.16 мкм.
Электротермиялық өңдеу әдісі электр тогының қасиетіне 
негізделеді, ол жылуды босату үшін жабық тізбектен өтеді. Жылу 
бөлудің төзімділік дәрежесі тізбектің кедергісіне пропорционалды 
болғандықтан, резистордың алаңдарында жоғары температураға 
жетуге болады. Байланыс нүктелерінде электр тогы металды 
қыздыруы, жұмсаруы және тіпті балқытуы мүмкін. 
Бұл принципті қолдану арқылы бетінің тегістелуі, металды алып 
тастау, оны бетіне жағуға, тесіктерді тігіп, ойықтарды кесуге және 
кескіш аспапты бұрғылауға болады. Процестің үрдісін бақылау 
үшін, жасанды салқындатуды қолдануға немесе құралды жылжыту 
жылдамдығын өзгертуге болады. 
Осындай әдіс электродты сымды қыздыру арқылы, балқыту 
арқылы металдың қабатын дайындауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет