Белсендіруші қоспалары бар сулы сілтілі ерітінділер кең
қолданысқа енген.
Бөлшектерді жуудың ең қарапайым тәсілі жылжымайтын
сұйықтыққа батыру. Дегенмен жуып-шаюды жылдамдату үшін
шаятын сұйықтықтарды қыздырумен қатар, гидравликалық
сорғылар көмегімен қысым астында қозғалысқа келтіреді. Бөлшек
беттеріне бағытталған арында қосымша тербелмелі импульстерді
және электрохимиялық үдерістердің өтуіне арналған шарттарды
қалыптастырады. Осыған байланысты батырумен шаю, жылжитын
сұйықтықты
арынды
шаюды,
ультрадыбысты
және
электрохимиялық шаюды ажыратады.
Батырумен шаюды ашық үлгілі ванналарда жүргізеді. Бұл
әдісті бөлшектерді майсыздандыру, бөлшектердің бетіндегі күйікті
босату, тазартудан соң ластануды жою үшін пайдаланады.
Арындай шаюды, шаятын сұйықтық жуып тазартылатын
бөлшектерге бөлшектің барлық жақтарында орналасқан бүріккіш
арқылы берілетін арнайы жуып тазарту қондырғыларында
орындайды. Жуып-шайылатын бөлшектің жетуге жолы қиын
орындарынан ластануларды тазалау үшін саптамалары бар қосалқы
құбыршекті қолданады. Жуғыш машиналардың бөлшектерді жуу
үдерісін автоматтық басқаратын бірнеше (1-3) камералары болуы
керек. Бөлшектерді бір камерада жуу кезінде, екінші камерада
шаяды, ал үшінші камерада жылы ауа ағынымен кептіреді.
Тазалаудың жоғары дәрежесін талап ететін ұсақ бөлшектерді
шаю үшін,
ультрадыбыстық қондырғыларды қолданады.
ультрадыбыстық ванналарда жуып-шаю әдісінің мәні мынада,
ультрадыбыстық ваннадағы шаятын сұйықтыққа батырылған
бөлшектердің бетінде сұйықтықтың булары бар кішкентай
көпіршіктер пайда болады, олар жарылғанда бөлшектің ластанған
бетінде гидродинамикалық қысымды қалыптастырады және кез-
келген ластануды тазартады. Бұл құбылыс шайылатын бөлшектің
барлық каналдарында қалыптасады, ол күрделі пішінді бөлшектерді
жуу кезінде маңызды. Шаюдың берілген әдісін жүзеге келтіру үшін
ультрадыбыстық генератор және ультрадыбыстық ванна қажет.
Бөлшектерді
электрохимиялық шаюды, бөлшектердің беттерін
қақтан, тотыққан қабықшадан немесе тұздан тазарту үшін
қолданады. жуып тазартылатын бөлшекті аспаға іліп электролит
бар ваннаға енгізеді және жуылатын бөлшек (анод) және ванна
корпусы
(катод)
арасында
потенциалдардың
айырмасын
қалыптастырады. Электрлік эрозия яғни анод бетінің (бөлшектің)
еруі болады, нәтижесінде тотыққан қабықша бөлшектің бетінен
Достарыңызбен бөлісу: