Қазіргі
заманғы
конструкциялардың
пневматикалық,
гидравликалық,
электромагниттік
қысқыш
құрылғыларын
пайдалану қауіпсіздігі тиісті
автобұғаттауыштарды немесе
шектеулерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Жеделдетіп фрезерлеу кезінде ұшып жатқан жоңқалардан
қорғайтын және оны жұмыс орны бойынша шашырауды ескертетін
құрал пайдалану қажет. Жоңқаның ұшу және шашылу бағытына
байланысты, жеке қорғану құралдарымен
пайдалану қажет
(көзілдіріктер, жеке қалқаншалар), жоңқалардың шашылуына
кедергі жасайтын мөлдір экрандар немесе жоңқаны жинап,
жоңқажинағышқа
жіберетін, арнайы жоңқа бұрушыға ие болуы
керек.
Тегістеу білдектерінде жұмыс
жасау кезінде тегістеу,
шеңберінің дұрыс орналасуы мен бекітілуіне, кесу тәртібінің
таңдалуы мен жұмыс қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше
назар аудару қажет.
Тегістеу шеңберінің қызмет ұзақтығы
оның біркелкілігіне
байланысты, сондықтан дәл және тыныш жұмыс жасау үшін
тегістеу шеңберін теңдестіруден өткізу қажет (теңгеру). Тегістеу
шеңберлерінің теңгерімсіздігінің себептері материалдың біркелкі
емес
тығыздығы, саңылаудың шеңбердің үстіңгі бетіне қатысты
эксцентрлі орналасуы және шеңбердің шпиндель немесе
фланцтарда эксцентрлі орналасуы. Теңгерілген тегістеу шеңбері деп
салмақ орталығы айналу осінің геометриялық
орталығымен сәйкес
келетін шеңберді айтуға болады.
Тегістеу шеңберлері бір-бірінен жақтауларды орнатуға арналған
бағандардың
сипаттамасымен
ерекшеленетін
арнайы
қондырғыларға теңгеріледі. Призмалар, дискілер,
цилиндрлік
білікшелер, т.б. тірек бола алады.
Міндетті теңгерілімге диаметрі 1 090 мм және одан жоғары
барлық тегістеу шеңберлері жатады. Диаметрі 150 мм және одан
жоғары, кесу жылдамдығы 10 м/м
артық емес жұмыстарына
арналған
тегістеу
шеңберлері, сыртқы
тексерістен
және
тықылдатудан басқа, арнайы сынақ стендтерінде немесе арнайы
білдектерде, айналу жиілігі шеңбер таңбалауында көрсетілген 50%
асатын жиілікте сыналуы тиіс.
Сынақ жылдамдығы кезіндегі
шеңбердің айналу ұзақтығы сыртқы диаметрі 475 мм дейін арналған
тегістеу шеңберлері үшін – 5 мин, 500 мм және одан артық – 7 мин
құру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: