Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет32/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   316
1.2.
 
42
 


■ 
конустық және бір қалыпты (қисық сызықты негізбен) 
тесіктер, олар конустық немесе қисық сызықты кесішу 
шеті бар өңдеуші құралмен өңдейді немесе көшіргіш 
құралмен жону; 
■ 
бір қалыпты (дөңгелек емес қимамен) тесіктерді созу, 
тесу немесе қашау арқылы өңделеді.
Тесіктерге, белгілеріне байланысты келесі талаптар қойла 
алады:
■ 
берілген дәлдікпен диаметрі бойынша тесіктің көлемінің 
келтірілуі
;
■ 
тесіктің осі мен оны жасаушы беттің түзусызықтылығы; 
■ 
тесіктің дұрыс цилиндрлі формасы (конустықтың, 
сопақтықтың және бедерлеудің жоқтығы).
■ 
бөлшектің шеткі беттеріне көлденеңдігі. 
Дөңгелек қималы тесіктерді өңдеуді бұрандамалы, жонушы, 
жонғышты, айнымалы, револьверлі білдектерде, жонғышты-
револьверлі жартылай автоматтар мен автоматтарда, созбалы және 
ажарлаушы білдектерде жүргізеді.
Тесіктерді өңдеу кезінде дәлдікке жету үшін жұмыс 
жүрістерінің санын өсіруді пайдаланады, сол себепті алғашқы 
өңдеудің кемшіліктерін жол берілетін шамаға дейін бірітіндеп 
жеткізу қажет. Осыдан, 8-ші, 9-шы дәлдік квалитеті бойынша 
жазық білікті жөрмеу үшін екі жұмыс жүрісі жарайтын болса, тап 
сондай диаметрлі және тап сондай дәлдікті тесікті өңдеу үшін 
төрттен кем емес амалдар: екі бұрғымен бұрғылау, үнгіштеу және 
бір немесе екіретті жазу және ауысымдар қажет.
Күнделікті жағдайда, көп санды ауысымдары бар тесіктерді 
өңдеу кезінде өңделетін тесік пен өңделетін дайындаманың қандай 
да болса сыртқы цилиндрлік бетімен жоғары дәлдікті остестігіне 
жету мүмкін болмайды. Сол себепті, тесіктің басқа беттермен 
жоғары дәлдікті остестігін қамтамасыз ету үшін, алдымен тесікті 
толықтай өңдеу қажет, содан кейін дайындаманы осы тесікпен дәл 
түзеткішке орнатып, дайындаманың бетін толық өңдейді.
Тұтас металлдағы 80 мм-ге дейінгі диаметрлі тесіктерді 
шиыршық бұрғымен бұрғылайтын білдектерде, және де әртүрлі 
жонғыш тобындағы білдектерде бұрғылайды. Диаметрі 80 мм-ден 
үлкен тесіктерді бұрғылау үшін арнайы қүрылғылардың бұрғылау 
бастиектерін пайдаланады; бұл амалды дұрысында кеулей жону 
білдектерінде орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет