Процессорлық жалғағыш, немесе сокет (Socket) деп те аталатын процессор ұясы түсінігі маңызды болып табылады, оның ішіне процессор орнатылады. ОПК түрлі буыны мен түрлестігі өз уникалды жалғағыштарымен орнатылады. Бұл факті жүйелік тақта – процессор байланысын таңдау кезінде ескеру қажет.
Өндірістің күрделігі мен жоғары технологиялығынан орталық процессор шығаратын өнім сапасына жоғары талаптар қойған бәсекеге жарамды компаниялар көп емес, ал үстел ДК нарығында бары екі: Intel және AMD (1.9сурет). Олардың бәсекелестігі ХХ ғ. 90-жылдардың басында басталған. 20 жыл ішінде AMD компаниясының сатылатын процессорларының үлесі Intel үлесінен әлдеқайда төмен болатын. Оған қарамастан, AdvancedMicroDevices әрқашан да тартымдылықпен, бөлшек сауда құны демократиялы болса да өнімділік/бағасымен ерекшеленетін.
1.9.-сурет Intel және AMD процессорлар түрлестері
Бұл жалпы әлемдік нарықтың шамамен 19 % тең үлесін берік ұстауға жеткілікті еді.
Әрбір өнім беруші нарықта тұрықтандырудың ыңғайы үшін өз өнімін процессордың мүмкіндігі мен өнімділігіне қарай түрлілікке бөледі.
AMD түрінемыналар жатықызылған:
■ Sempron – үстел ДК және мобильді құрылғы үшін ең төмен бюджетті процессор. Ол Intel компаниясының Celeron процессорларына тікелей бәсекелес болып табылады. Осы процессордың негізгі тауашасы күнделікті жұмыс үшін қарапайым қосымшалар болып табылады;
■ PhenomII – барлық тапсырмаларды шешуге арналған жоғары өнімді процессордың көпядролы түрі. Қазіргі уақытта FX-9590 сериялы процессор флагманы болып табылады. Ол модульге қосарлас жинақталған сегіз есептеуіш ядроға негізделген, 32-нанометр технологиясымен өндірілген, үшінші деңгейдегі 8 Мбайт кэш-жады иегері және SocketAM3+ жалғағышпен жүйелік тақтасын пайдалануға арналған.
■ AthlonII – процессорлардың көпяролы түрі, PhenomII сериялы қымбат процессорға бюджетті балама ретінде құрылған. Күнделікті тапсырмаларды орындауға және «бюджетті» ойын жүйелері мен жоғары өнімді ДК үшін балама ретінде жасалған.
■ A-Series – процессорлардың жаңа төртядролы түрі, ол қазіргі уақытта сатылуға түскен AMD компаниясының соңғы әзірлемесі болып табылады. Осы сериясының ерекшелігі Radeon графикалық бейнекартасы процессор ядросына кірістірілген. AMD компаниясы әзірлемені жаңартуға дайындығын және жоғары өнімділік үстел компьютерлері үшін FXсериялы процессорларды шығаратындығын хабарлады. Осындай жаңа процессор түрінің пайда болуын 216 ж. күтіледі. Оның негізінде келесі буында x86 (x86-64) жасалады. Аппараттық платформа көпнүктелі технологияны пайдаланатын болады, әрбір ядро бірнеше команданың ағынын орындауға мүмкіндігі бар.