Көшіру-көбейту техникаларымен жұмыс істеудің нұсқаулығы. Көшіру-көбейту техникаларында өз бетімен жұмыс істеу үшін арнаулы оқу өткен, оның ішінде электр қауіпсіздігі бойынша 1-санаттағы топ
құрамына кірген, жұмысқа қабылдау кезде міндетті кіріспе нұсқаулығы мен жұмыс орнындағы нұсқаулығын қабылдаған, көшіру-көбейту техникаларымен жұмыс істеу үшін жарамдылыққа медициналық куәландырудан өткен 18 жастан асқан тұлғаларға рұқсат етілген.
Қатты күштенуі
Көшіру-көбейту аппараттарымен жұмыс жасау жұмысшыға кері әсер етуіне байланысты зиянды және қауіпті өндіріс факторлары жұмыстар санатына жатқызылған. Осындай жұмыстар кезінде мынадай зиянды өндірістік факторлардың:
■ физикалық – ульрафиолетті сәулелену деңгейінің артуы, электр тоғымен зақымдануы, мәжбүрлі қалып, көру анализаторларының қатты күшейтуі;
■ химиялық – жұмыс зонасындағы ауаның құрамында озон, азот тотығы, ацетон, аммиак, селенисті сутегі, эпихлоргидрин сияқты зиянды заттардың көбеюі әсер етуі мүмкін.
Көшіру-көбейту техникаларымен жұмыс жасауға арналған үй-жай жылыту және ауаны кондициялау жүйелерімен жабдықталуы қажет. Бір жұмыс орынға үй-жайдың алаңы 6 м2 кем болмауы керек. Қабырға мен аппарат шетінің ара-қашықтығы – 6 м., ал қызмет көрсету жағынан – 1 м. кем болмауы тиіс. Барлық көшіру-көбейту аппараттарында белгіленген тәртіпте алынған гигиеналық сертификаты болуы қажет.
Жабдықтың дұрыс істемеуі кезінде көшіру-көбейту техникаларын желістен сөндіру және жұмыс басшысына хабарлаған дұрыс.
Жазатайым оқиға кезінде жәбірленген немесе жазатайым оқиғаның басықасында болған құрылымдық бөлімшенің басшысына тез арада хабарлауы керек. Көшіру-көбейту техникасының жұмыс процесінде жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес жұмыс тәртібін сақтау, жұмыс орнын таза ұстау қажет.
ДК жұмыс істеу кезінде еңбек пен демалыс режимі. ДК көру жұмыстарының қолайлы жағдайларын құру үшін еңбек пен демалыс режимін ұтымды пайдаланудың мәні зор.
Пайдаланушылардың еңбек пен демалыс режимінің санитарлық ережелері мен нормалары орындалатын жұмыстардың көлемі мен сипатына тәуелді нормаланады. Нормалау негізіне көзге салмақ түсірудің регламенті бірінші кезекте енгізілген болса да, көру жұмыстарын ғана емес, нервті-эмоциялық күйзеліс, бұлшықет қажу, электромагнитті сәулелену әсері мен басқа жағымсыз факторларды да ескереді. Бұл өндірілетін ақпараттың көлеміне тәуелді ЭЕМ жұмыс салмағының санатын анықтаудан шығады.
ЭЕМ еңбек қызметінің барлығы үш топқа бөлінеді:
■ А тобы – экраннан ақпаратты оқу бойынша жұмыс;
■ Б тобы – ақпарат енгізу бойынша жұмыстар;
■ В тобы – ЭЕМ диалог режиміндегі шығармашылық жұмыс.
Егер жұмыс ауысымының ішінде түрлі жұмыстарды орындау қажет болса, жұмыс ауысымының 50% уақытынан кем емес уақыт алатын жұмыс негізге алынады. Еңбек қызметінің түрі үшін нормаланған регламентті үзілістерге сәйкес ЭЕМ жұмыс істеу ауырлық және қауырттылық санаты үшке бөлінеді.
Санаттар былайша анықталған:
■ Атобы үшін – жұмыс ауысымында есептелетін белгілердің жиынтық саны бойынша, бірақ 60 000 саннан асу қажет. Осы ақпарат көлемі 3санатқа жатқызылған, 40 000 белгіге дейін – 2-санат және 20 000 – дейін 1 санатқа жатқызылған;
■ Бтобы – жұмыс ауысымында енгізілетін белгілер немесе есептелетін жиынтық саны бойынша, ауысымына 40 000 белгіден аса – 3санат, 30 000 дейін – 2-санат, 15 000 дейін – 1-санат;
■ Втобы – жұмыс ауысымына бейнедисплей терминалы (БДТ) және ЭЕМ тікелей жұмыс істегеудің жиынтық уақыты. Ауысымына 6 с. Аса – 3санат, 4 с. дейін – 2-санат және 2 с. дейін – 1-санат.
Жұмыс ауысымында қауырттылықтың алдын алу мен босату үшін сегіз сағаттық ауысымда регламенттелген үзіліс қарастырылған: 1-санатты жұмыстар үшін – 30 мин., 2-санатқа – 50 мин. және 3-санатқа – 70 мин. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес БДТ-мен үздіксіз жұмыс істеудің ұзақтығы 2 сағаттан аспауы керек. Түнгі ауысымдағы жұмысқа қызмет түрі мен санатына қарамастан үзілістің ұзақтығы 60 мин. көбейеді.
Санитарлық ережелер мен нормаларда ауысым ішінде регламенттелген үзілістерді пайдалану бойынша ұсынымдар берілген. Жекелеп алғанда, сегіз сағаттық жұмыс уақытында үзілісті келесідей белгілейміз:
■ 1-ші санат үшін – ауысымның басталуынан 2 сағаттан кейін және түскі астың үзілісінен 2 сағаттан кейін әрбірі 10 минуттан;
■ 2-ші санат – ауысымның басталуынан 2 сағаттан кейін және түскі астың үзілісінен 1,5 ....2,0 сағаттан кейін әрбірі 15 минуттан немесе әр сағат сайын 10 минуттан;
■ 3-ші санат – ауысымның басталуынан 1,5 ...2,0 сағаттан кейін және түскі астың үзілісінен 1,5 ....2,0 сағаттан кейін әрбірі 20 минуттан немесе әр сағат сайын 15 минуттан үзіліс алу.
Регламенттелген үзіліс уақытында нервті-эмоциялық күйзелісті, көру анализаторларын шаршатуды басу мақсатында, сондай-ақ гиподинамия, гипокинезия ықпалын жою және позотониялық шаршаудың асқындатпау үшін арнайы кешенді жаттығулар жасау мақсатқа сай.
Жұмыс ритмімен және жоспарлық көрсеткіштермен байланыспаған және өзі үшін ыңғайлы режим жасай алатын үйдегі пайдаланушылар үшін әрбір сағаттан кейін 10-15 минуттық, ал әрбір 2 сағаттан кейін 20-30 минуттан үзіліс жасауды ұсынамыз. Бұл ретте мониторды сөндіріп, жұмыс орнынан тұрып кеткен жөн, және үй-жайды желдетіп алған тым жақсы.
Жоғары оқу орнының және мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орны студенттері мен орта кәсіби оқу мекемелерінің оқушыларына, мектеп және мектепалды балалары үшін ЭЕМ жұмыс істеу режимін ұйымдастыруға белгілі талаптар орнатылған.
Жоғары оқу орнының және мектеп мұғалімдері үшін ереже бойынша дисплейлі сыныптар мен информатика және есептеуіш техникалар кабинеттерінде жұмыс күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
Орта кәсіби оқу мекемелерінің оқушылары үшін оқу сабағында БДТ және ЭЕМ жұмыс жасаудың ұзақтығы оқыту курсы, сипаттамасы және орындалатын тапсырмалардың күрделігіне, сондай-ақ ЭЕМ техникалық деректері мен олардың рұқсатталған қабілетіне байланысты анықталады. Оқу сабақтарында ЭЕМ жұмыс ұзақтығы:
■ 1-ші курс оқушыларына – күніне 30 минуттан көп емес;
■ 2-ші және 3-ші курс оқушыларына – қосақталған сабақтар кезінде күніне 1 сағаттан көп емес: бірінші сабақта 30 мин. және екіншіде 30 мин., үзіліс, оқыту материалдарын түсіндіруді, оқушыларды сұрауды және т.б. қоса алғанда БДТ немесе ЭЕМ жұмыс жасағанда 20 минуттан кем емес.
■ 3-ші курс оқушыларына БДТ немесе ЭЕМ тікелей жұмыс жасау уақытының жинағы оқу сабақтарының жалпы уақытынан 50% асырмай, БДТ және ЭЕМ-мен оқу сабақтарының ұзақтығын үш академиялық сағатқа ғана көбейтуге болады.
БДТ немесе ЭЕМ пайдаланумен үйірме және факультативті жұмыстарды жүргізудің жалпы ұзақтығы аптасына 2 сағаттан аспауы керек, ал БДТ және ЭЕМ тікелей жұмыс істеу – БДТ және ЭЕМ жұмыс режимін және оқу сабақтарын жүргізгендей, осындай алдын алу шараларын орындау кезінде 1 сағаттан аспауы керек.
Мектеп жасындағы балалардың БДТ және ЭЕМ-мен оқу және оқудан тыс режимін ұйымдастыруға және ЭЕМ негізінде мектепалды жастағы балаларды ойын кешендерімен оқытуға аса қатаң талаптар қойылған.
Информатика және есептеуіш техника негіздері бойынша 10-11 сынып оқушылары үшін БДТ және ЭЕМ пайдаланумен аптасына екі сабақтан, ал басқа сыныптарда – аптасына бір ғана сабақтан асырмай өткізген дұрыс.
Еңбек және демалудың дұрыс режимін сақтау көру анализаторға салмақты азайтады және пайдаланушының көруін сақтайды, бұл әсіресе мектеп және мектепалды жастағы оқушылар үшін өте өзекті, өйткені жастық көру аппараттарының жарақаттық ерекшелігі бар.