Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет26/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113
Функционалдық пернелер – тәртіп бойынша пернетақтаның ең жоғары қатарында орналасады – F1 бастап F12 дейін. Олардың атқаратын функциялары өте көп, қай бағдарламада пайдаланытынына байланысты.
Әліппелік-сандық пернелер – пернетақтаның көп бөлігін алып жатыр және әріптер, сандар, символдар, арифметикалық амалдардың белгілерін, тыныс белгілерін енгізу қызметін атқарады.
Сандық панель – пернетақтаның оң жақ бөлігінде орналасады. Оның қызметі – сандық пернелерді және арифметикалық операцияларды қайталау.
Меңзерді басқару пернелері – классикалық нұсқада олар әліппелік-сандық перне және сандық панель арасында орналасады. Бұл пернелердің негізгі қызметі – пайдаланушыға құжаттардан және беттерден орын ауыстыруға көмектеседі. Оларға нұсқарлары бар пернелер жатады (меңзерді көрсетілген бағытта бір позицияға жоғарылатады), және Page Up пен Page Down (меңзерді парақтың басына немесе соңына жылжытады, сондай-ақ Home және End пернелері (меңзерді жолдың, тармақтын басына немесе соңына орын ауыстырады).
Кодтар модификациясы пернесі басқан кезде басқа пернелердің әрекеттерін өзгертеді. Оларға:
Shift (екі пернесі) – әдетте бас әріпті енгізуге арналған. Ол үшін қажет әріпті басып тұрып Shift пернесін басып, ұстап тұру керек. Сонымен қатар, Shift тінтуірді басқан кезде немесе пернелердің тез үйлесімі кезінде модификатор қызметін атқарады;
Caps Lock – бас әріпті енгізу режимін қосады және сөндіреді, Shift пернесін ұстап тұра бермей үлкен әріппен жазуға жағдай жасайды;
Ctrl (екі пернесі) – басқа пернелермен түрлі қызметтер атқару үшін модификатор ретінде бірге (мысалы, көшіру, кесіп алу немесе құжаттарда мәтіндік ақпараттарды ерекшелеу, бағдараманы жабу және т.б.) пайдаланылады;
Alt (екі пернесі) – Ctrl пернелері секілді, негізінен тек басқа пернелермен түрлі қызметтер атқару үшін бірге қолданылады. Пернетақтадан енгізілетін басқарылатын пәрмендер қатарын кеңейтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет