Е СЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ ОРНАТУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР
Соңғы онжылдықта адами қызметтің түрлі салаларында ақпараттық технологияларды пайдаланудың қарқынды өсуі байқалады. Дербес компьютерлерді техникалық құралдар ретінде адамға қызметтің түрлі салаларында тек көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге бірқатар жағымсыздықтар да әкелуде. Мысалы, өндіруші мен сатушы аталған параметрлер мен сипаттамалардың толық сәйкес болмауы, сондай-ақ қоршаған ортаға және пайдаланушының денсаулығына жағымсыз әсер етеді.
Егер пайдаланушы нормативтік құжаттарда белгіленген функционалды параметрлермен талап етілген қауіпсіздік стандарттар мен шарттарының талаптарына сәйкес сертификаты бар ДК сатып алған жағдайда осының барлығынан сақтануға болады.
Дербескомпьютерлерді сертификациялау – бұл нормативтік құжаттардың талаптарына ДК сәйкестігін белгілеу. Осы үрдіс жасаушы немесе жеткізуші немесе пайдаланушыға тәуелсіз сертификациялау органымен орындалады.
ДК нормативтік құжаттарға сәйкестік фактісін растау немесе белгілеу үшін оларды осындай жұмыстарды өткізуге құқығы белгіленген тәртіпте аккредиттелген мамандандырылған зертханаларда сертификациялық сынаудан өткізеді.
Ресей Федерациясында өнімді, оның ішінде ДК сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу 07.02.1992 № 2300-1 «Пайдаланушылар құқығын қорғау туралы» Заңымен (13.07.2015 қолданыстағы редакция) және 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 184-ФЗ
«Техникалық реттеу туралы» Федералды заңмен реттеледі. Олар екі сертификацияны қарастырады: міндетті және ерікті.
«Пайдаланушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сәйкес міндетті сертификациялау адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Осы құжатпен міндетті сертификациялауға жатқызылған өнімнің номенклатурасын анықтау Ресей Федерациясының Стандартизация, метрология және сертификация комитеті – Ресей мемстандартына жүктеледі.
Ресей мемстандартымен өнімді міндетті сертификациялаудан өткізу үшін МЕМСТ сертификация жүйесі әзірленген. Оның құрамында біркелкі өнімдерді сертификаттау жүйесі құрылады. Өнім номенклатурасы бойынша міндетті сертификациялауға жатқызылған ДК (1994 жылғы 30 наурыздағы № 8 Ресей мемстандартының қаулысы) электротехника, электронды және аспаптар жасау өнеркәсібі тауарлар тобына (2.37.-тарау Есептеуіш машиналары) жатқызылған.
Осы тауар тобын сертификаттау үшін Ресей мемстандарты МЕМСТ жүйесі шеңберінде Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес электржабдықтарды сертификаттау жүйесі құрылған (ҚСЭСЖ).
ҚСЭСЖ талаптарына сәйкес ДК міндетті сертификаттау мынадай стандарттармен белгіленген шарттара сәйкес жүргізіледі:
■ 30326 – 95 МЕМСТ «Электрикалық кеңсе жабдықтарын қоса алғандағы ақпараттық технологиялар жабдықтарының қауіпсіздігі» – электрикалық, механикалық және өрт қауіпсіздігіне талаптар қойылған;
■ 27201 – 87 МЕМСТ «Электронды есептеуіш дербес машиналар. Типтері, негізгі параметрлері, жалпы техникалық талаптары» – ДЭЕМ акустикалық шудың деңгейіне қойылған талаптар;
■ 50628 – 2000 Р МЕМСТ «Электронды есептеуіш дербес машиналарының электромагнитті үйлесімділігі. Электромагнитті бөгетке беріктігі. Техникалық талаптар және сынау әдістемелері» – радиобөгет жағдайларда дербес компьютерлерінің берік жұмыс істеуіне талаптар қойылған. Аталған стандарттардың талаптарына ДК бір мезгілді сәйкестігі кезінде Р МЕМСТ жүйесімен белгіленген сертификат беріледі. Егер қауіпсіздік стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатпен ДК заңды немесе жеке тұлға сатып алған жағдайда, «Пайдаланушылар құқығын қорғау туралы» заңның
12-бабына сәйкес жасаушы (ДК жеткізушісі) ДК конструктивті немесе басқа да жетіспеушілігінің салдарынан пайдаланушыға келтірілген залалға мүліктік жауапкершілікте болады.
«Тауардың жарамдылық қызмет мерзімі (жұмыс), сондай-ақ тауардың кепілдік мерзімін орнату саласында дайындаушының (орындаушы, сатушы) құқығы мен міндеттері» 5-бабы 5-тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен шыққан тауарды сату (жұмыстарды орындау), сондай-ақ жарамдылық мерзімі көрсетілуі міндетті, бірақ көрсетілмеген тауарларды сатуға тыйым салынады.
Ерікті сертификация жалпы жағдайда, ақпараттық қамтамасыз ету мен техникалық үйлесімдік өнім дайындаушының (сатушы) тұтынушыны жосықсыздығынан қорғау мақсатында, пайдаланушымен мәлімделген өнімді компонентті таңдауда пайдаланушыларға көмек көрсету және өнімнің сапа көрсеткіштерін растау үшін жүргізіледі.
Есептеуіш техникаларын өндіру және сатудан кейін белсенді жұмыс жағдайында экологиялық қауіпсіздік нормаларын анықтайтын стандарттар әрекетіне кезек келеді. Ресейде осы нормалар еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесімен және бірқатар стандарттармен белгіленеді. Онда барлық қауіпті және залалды факторлар, сондай-ақ жұмыс орындарында оларға бақылау жүргізу бойынша олардың рұқсат етілген деңгейлері мен талаптары анықталған. Есептеуіш техникаларының пайдаланушылары үшін қауіпті және залалды өндірістік факторлардың санатынан (12.0.003 – 74 МЕМСТ) мыналарды атап өтуге болады:
■ ауа иондануының артуы;
■ статистикалық электр деңгейінің артуы;
■ электромагнитті сәулелену деңгейінің артуы;
■ электр өрісін кернеулігінің артуы;
■ магнит өрісі кернеулігінің артуы;
■ төмен кереғарлық;
■ тік немесе шағылдырылған блик;
■ жарық ағыны пульсациясының артуы; ■ ультрафиолетті радиациялар деңгейінің артуы; ■ инфрақызыл радиациялар деңгейінің артуы.
Компьютермен жұмыс істеу кезінде эргономикалық қауіпсіздік бойынша Ресей Федерациясының нормативтік құжаттарын көрсетеміз:
■ 50948 – 2001 Р МЕМСТ «Жеке пайдалану ақпараттарын бейнелеу құралдары. Жалпы эргономикалық талаптар мен қауіпсіздік талаптары»;
■ 50949 – 2001 Р МЕМСТ «Жеке пайдалану ақпараттарын бейнелеу құралдары. Эргономикалық параметрлерді және қауіпсіздік параметрлерді өлшеу және бағалау әдістемесі»;
■ 50923 – 96 Р МЕМСТ «Дисплейлер. Оператордың жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптар және өндірістік ортаға қойылған талаптар. Өлшем әдістемелері»;
■ СанЕжН (Санитарлық ережелер және нормалар) 2.2.2.542-96 «Бейнедисплей терминалдарына, дербес электронды-есептеуіш машиналарына қойылған гигиеналық талаптар және жұмысты ұйымдастыру».
Жаңа құжаттардың принипті ерекшеліктері:
■ Ұсынылған нормаларға эргономикалық қауіпсіздікті түсінуге заманауи амалдары және дисплей, ДК және жұмыс орнын сынау әдістемелері;
■ Аппаратураның негізгі визуалды параметрлері мағынасының оңтайланған және рұқсат етілген диапозонын белгілеуге мүмкіндік беретін
эргономикалық қауіпсіздікті бағалаудың кешенділігі;
■ Шетелдер мен халықаралық стандарттармен СанЕжН және жаңа стандарттарды максималды мүмкіншілікпен келісу және есепке алу;
■ Қолданыстағы МЕМСТ-тардың көптеген мәнінің қайшылығы мен келіспеушіліктерін жоюға мүмкіндік беретін эргономикалық қауіпсіздік нормалары мен қойылған талаптардың тізбесін, терминологиясын біріздендіру;
■ Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігімен стандарттарды келісу, бұл экономикалық және әскери қолданыс өнімдері үшін нормалардың және сынау әдістемелерінің бірлігін қамтамасыз етеді.
ДК эргономикалық қауіпсіздігі мынадай талаптармен сипатталады:
■ Жеке пайдалану ақпараттарын бейнелеу құралдарының визуалды параметрлері (әрбір дереккөзде «дисплей», «бейнемониторлар», «бейнедисплей терминалдары» және т.б. аталатындар)
■ ДК эмиссиялық параметрлері, дисплей, жүйелі блок, қоректену көздері, оның ішінде авариясыз және басқа сәулелену параметрлері
Экран алдындағы адам қауіпсіздігінің басты шарты жұмыс орнында дисплей мен жарық техникалық жағдайлардың визуалды параметрлерін дұрыс таңдау болып табылатындығына Ресей және шетел мамандарының көптеген зерттеулері көз жеткізген болатын.
Нормативті құжаттарда визуалды параметрлердің екі тобына белгіленген талаптар:
■ Ашықтық, жарықтық, белгінің бұрыштық өлшемі және бақылау бұрышы;
■ Жарықтың, бликтердің, жылтылдаудың, белгілердің бірқалыпты еместігі, сөздер, жолдар арасындағы қашықтық, геометриялық және желілік емес бұрмалаулар, суреттің дірілдеуі және т.б. (барлығы 20-дан астам параметрлер).