Әлемдегі компьютерлік техникаға ең қатаң талаптарды шведтер қойған. Олар адам денсаулығына сәулеленудің барлық түрлерінің ықпалына толық зерттеулер жүргізген. Еуропалық одақ елдері ЕС бірыңғай стандартты құру кезінде шведтің ТСО 92 стандарттарына сүйенген. Бейнемонитордың сырт жағында техникалық сипаттамалары бар тақтада әріптер мен цифрлармен белгіленген эмблеманы көреміз.
Егер сіз MPR1990:10 жазуын көрсеңіз, бұл монитор сәулелену, сондай-ақ ауыспалы электр және магнитті өрісі бойынша швед стандартына сәйкестендірілген (ЕС стандарты бойынша қабылданған).
MPRII жазуы – осы стандарт MPR1990:10 стандартының барлық шарттарын толық көрсетпейді. MPRII стандарты магнитті және электр өрісі бар жерде адамдардың жұмыс істеу концепциясына негізделген, сондықтан монитор, компьютер сияқты біз пайдаланатын құрылғылар қолданыстағы электр және магнитті өрістерден артық болмауы керек. ТСО стандарты құрылғылардан электрикалық және магнитті өрістерінің сәулеленудің кемуін талап етілетіндігін атап өтеміз. Біздің айналамыздағы электрикалық және магнитті өрістерге тәуелсіз, техникалық мүмкіндігі қаншалықты төмендете алғандағы кемуді талап етеді. Осылайша TCO стандарты MPRII қарағанда қаталдау.