СанЕжН 2.2.2/2.4.1340-03 нормативтік құжаты мемлекеттік санитардықэпидемиологиялық ережелер мен нормативтерін ұсынады. Ол 30.03.1999 жылғы №52-ФЗ «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» Федералды заңына (өзгерістері мен толықтырулары бар) және 24.07.2000 жылғы № 554 Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау туралы ережесіне сәйкес әзірленген. Санитарлық ережелер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды:
■ ДЭЕМ негізінде өндірісте, оқуда, тұрмыста, ойын автоматтарында пайдаланатын отандық ДЭЕМ жобалауға, жасауға және пайдалануға;
■ ДЭЕМ негізінде өндірісте, оқуда, тұрмыста, ойын кешендерінде (автомат) пайдаланатын импортты ДЭЕМ пайдалану;
■ ДЭЕМ негізінде өндірістік жабдықтарда және ойын кешендерінде (автомат) ДЭЕМ барлық типтерін пайдалануға арналған үй-жайын жобалау, салу және қайта құру;
■ ДЭЕМ негізінде өндірістік жабдықтарда және ойын кешендерінде (автомат) ДЭЕМ жұмыс орнын ұйымдастыру. СанЕжН 2.2.2/1332-03нормативтік құжаты«Көшіру-көбейту техникасының жұмысын
ұйымдастыруға гигиеналық талаптар қою» санитарлық-
эпидемиологиялық ережелер мен нормативтерін ұсынады. Ол «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы» заңды, «Ресей Федерациясының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі туралы ережесі және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық нормалау туралы қағидасын бекіту жөнінде» № 554 Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысын іс жүзінде іске асыруға бағытталған. Осы Санитарлық ережелер жобаланған, салынып жатқан, қайта құрылып жатқан және қолданыстағы өндіріс, цехтар, учаскелер, тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарымен жеке үй-жайларға, оның ішінде көшірукөбейту жабдықтарының дара құрамына қойылған талаптарын белгілейді. Аталған өндірістері бар ұйымдарға арналған, сондай-ақ жобалау, құру, қайта құру және пайдалану мәселелерімен айналысатын мекемелерді жобалау, құру және көшіру-көбейту техникаларын пайдаланатын басқа ұйымдарға арналған.
Осы санитарлық ережелердің мақсаты көшіру-көбейту жұмыстарын жүргізу және жалпы мен кәсіби науқастардың даму қарқынын төмендету кезінде туындайтын химиялық, физикалық және басқа да залалды факторлардың жағымсыз әсерінен шектеу жолымен жұмысшылардың денсаулығын сақтау үшін оңтайлы еңбек жағдайларын құруға қойылған негізгі талаптарды әзірлеу болып табылады.