Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет5/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

Нанокомпьютер – логикалық элементтер көлемі бірнеше нанометр шамасындағы электронды (механикалық, биохимиялық, кванттық) технологиялар негізіндегі есептеу құрылғысы. Нанотехнологиялар негізінде жасалатын компьютердің өзі микроскопиялық көлемді болады. Қазіргі уақытта нанотранзистор жасалды – нанопроцессор негізі (1.3-сурет).
Биокомпьютер – тірі ағза сияқты жұмыс істейтін немесе биологиялық компоненттері бар компьютер. Биокомпьютерлер молекулярлы есептеулерге негіздеумен құрылған (зерттеудің бағыты).
Есептеу элементтері ретінде бір-бірімен әрекеттегі ақуыз бен нуклеин қышқылдары пайдаланылады (1.4-сурет).
Displair – тозаңдатқыштан су тамшысының ағынымен жасалатын экран. Жүйенің ерекшелігі – пайдаланушы суретке қарап ғана қоймай, онымен өзара әрекеттесе алады: экранда қолдың қозғалысын белгілейтін датчиктер жинағымен құрастырылған.
Мультитач қолдаулы – «тұманды дисплей», бір уақытта бірнеше тигізуді қабылдауға қабілетті (1.5-сурет).

1.4.-сурет. Биокомпьютер MAYA-II, есептеуші ядросы молекула болып табылады.

1.5.-сурет. Displair

1.6.-сурет. Cube компаниясының жаңа 30-принтері

«Принтер» дәстүрлі терминін қандай да бір ақпаратты қағазға шығаратын құрылғыны атаймыз. Қағаз – әрқашан да жазықтық (егер де оны бүктемесек немесе бұрмаламасақ) және ондағы ақпарат екі өлшемді. Сондықтан дәстүрлі принтерлерді «2D-принтерлер» деп атауға болады.
Үш өлшемді, немесе 3D-принтер, – бұл үш өлшемді деректерді шығару құрылғысы (әдетте, көлемді геометрия) (1.6-сурет), яғни оның жұмыс нәтижесі физикалық объекті болып табылады.
Көлемді (үш өлшемді, 3D) басып шығарудың бірнеше технологиялары бар, алайда барлығының негізінде берік геометрияның қабаттасу принциптерін құру жатыр.

ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ




  1. Қазіргі уақытта аппараттық құралдарды дамытудың басқы беталысы не?

  2. Жаңа буында ЭЕТ неге негізделген?

  3. Транспьютер дегеніміз не?

  4. ЭЕТ бөлек құрылғыларын құру бойынша жақын болжамдары туралы не білесіз?

  5. Виртуалды шындық жасайтын жүйелерді айтыңыз.

  6. 6-буынды компьютерлерге үлгілі сипаттама беріңіз.

  7. Оптикалық компьютерлер қандай сигналды пайдаланды?

  8. Кванттық механика негізінде жұмыс істейтін есептеуіш құрылғылары қалай аталады?

  9. Қандай компьютер микроскопиялық көлемді?

  10. Биокомпьютерлер есептеулер элементтері ретінде қалай пайдаланады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет