Windows Vista және Windows XP операциялық жүйелеріндегі құрауыштарды қондыру немесе өшіру тәсілдері туралы айтыңыз.
Windows XP құрауыштарды қондыру ретін сипаттаңыз. .
Операциялық жүйенің қандай құрауыштарын білесіз? Оларға қысқаша сипаттама беріңіз.
Құрауыштармен жұмыс процесі кезінде қолданушы қандай кедергілерге кезігеді.
2.2.
ІШКІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ДРАЙВЕРІН БАПТАУ ЖӘНЕ ОРНАТУ
Драйвер – бұл компьютерлік бағдарлама, оның көмегімен операциялық жүйе, барлық мүмкін болатын құрылғыларды аппараттық қамтамасыз етуге қолжетімділік алады, одан кейін оларды өз мақсатына пайдалануға мүмкіндік алады. Компьютердің ішкі (құрауыштары) құрылғыларының көпшілігін пайдалану үшін драйвер аса қажет.
Дыбысты және бейне карта, сымды және сымсыз желілік тақта, бақылаушының мүмкін болатын түрлері және басқа да кеңейту тақталардың түрлері сияқты құрауыштарды жүйелік блокқа қондыру кезінде, драйверсіз мүмкін емес. Windows – те беймәлім құрауыштарды, Құрылғылар диспетчері терезесін ашып, тексеруге болады.
■ Windows XP-те Іске қосубасыңыз Басқару панелін пунктін таңдаңыз.Басқару панелінде тышқанның сол жағымен 2 рет Жүйе белгісін басыңыз. Ашылған терезде жоғары жағынан Жабдықтар бет белгісін таңдайсыз, ал одан Құрылғылар диспетчері;
■ Windows Vista7-те Енгізу басасыз, Басқару панелі пунктін таңдайсыз.
Басқару панелінде тышқанның сол жақ батырмасымен Құрылғылар диспетчері белгісін екі рет басамыз (2.3-сурет).
Қандай да бір құрылғыға қарсы сары леп белгісі мен сұрақ белгілері бейнеленсе, онда оларға міндетті түрде драйвер қондыру керек.
Ішкі құрылғылар драйвелерін қондыруды аяқтаған соң, міндетті түрде Құрылғылар диспетчерінде құрауыштарға қарсы леп белгісі және сұрақ белгісі болмауын тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, перифериялықтар үшін бағдарламалық қамсыздандыру бағдарламасын бастауға болады.