Архивтен немесе файлдан қондыру. Драйверді қондыруды өндірші сайттан жүктелген файлдан орындауға болады. Әдетте бұндай файлдар серведе аз орын алуы, ал қолданушылар тез жүктеуі үшін, файл өлшемін архивтеу арқылы кішірейтеді. Сондықтан, мұндай файлдан драйвер қондырмасын бастамас бұрын, оны архивтен шығарып және папкаға орнын ауыстыру қажет.
Архив бумасынан шешіп болған соң, көп жағдайда, драйвер қондыру процесі автоматты түрде жүреді. Гер ол болмаса, онда компьютерден бумадан шешілген драйверді тауып, содан қондырманы іске асыру қажет. Ол үшін таңдалған файлды екі рет тышқанмен басу жеткілікті.
NVIDIA бейне картасының драйверін тез қондыру мысалын қарастырамыз. Әдетте, драйвер қондыру бағдарламасының көпшілігінде, әзірлеушімен лицензиондық келісім (2.6 - сурет), терезесі ұсынылады, оны қабылдамаған жағдайда келесі қондырылулар мүмкін емес.
2.6 - сурет. Әзірлешімен лицензиондық келісім.
2.7- сурет. Қондырулар параметрлері
Келесі терезеде қондыру параметрлерін таңдау ұсынылады (2.7- сурет).
Бұл жағдайда, Әрі қарай түймесі басқанда, бағдарламаның барлық қондырмалары автоматты режимде жүреді және инсталляцияны бастайды.
Таңдамалы қондырулар кезінде (2.8- сурет), қолданушыға инсталляция кезінде, өзіне қажетті құрамдастарын таңдау құқығы ұсынылады.
Мысалы, тек графикалық драйвер қондыру қажет. Оны белгілейміз және Әрі қарай түймесін басамыз, осыдан кейін драйвер қондырылуы орындалады (2.9- сурет). Тек инсталляция процесінің аяқталуын күту ғана қалды.
Қондыруды аяқтаған соң, барлық өзгерістер жүйемен қабылдануы, ал драйвер дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютерді қайта жүктеп алу керек.