Бейнекартаны жеделдету кезінде неге назар аударған жөн?
BIOS дегеніміз не?
BIOS микросхемасының қайта бағдарламалау мәні немен тұжырымдалады?
BIOS көмегімен процессорды қолмен жеделдету туралы айтыңыз.
Жүйені автоматты түрде жеделдету командаларын таблицаға түсіріңіз.
GigaByte компаниясының жаңа стандартты BIOS қалай жұмыс жасайды?
3.5.
КОМПЬЮТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ТҮРІН
ӨЗГЕРТУ. МОДДИНГ
Моддинг – компьютерлік технологиялардың заманауи нарығындағы жаңа түсінік. Ағылшын тілінен «модификация», «өзгеру» деген мағынаны береді. Өзгеру компьютер корпусының, жүйелік блоктың, монитор және тышқан мен пернетақтаның түріне қатысты. Моддингтың мақсаты – ешкімде болмайтын бірегей зат жасау.
Моддинг пайда болғаннан бастап ол корпустың түсін өзгерту, жүйелік блокта әр түрлі өрнектер жасау, саңылауларды плексиглас шынымен жабудан көрінетін. Қазіргі уақытта ол декор мен корпустың пішінінің өзгертілуін жетілдіруді зерттеумен айналысатын толық инфрақұрылым (корпусы толықтай мөлдір материалдан жасалған сериялық шығарылымдар бар). Адамдар өз компьютерлерін қарқынды түрде жетілдіре бастағандығы бойынша тағы бір себеп – ол толымдаушы бөлшектерінің қатты қызып кетуі. Құрауыштарының қуаты арта бастағандықтан көп мөлшерде жылу бөліне бастады. Алғашқы процессорлардың бірінде тек бір пассив желдеткіш орнатылған. Асқан жүктеме кезінде процессорлар қызып кететін. Жануды болдырмаудың өзіндік шешімі болып корпусты әртүрлі жерлерінен кесу және қарапайым желдеткіштерді орнату табылады. Компьютерлердің өзгеруімен модераторлар айналысады. Тек оларға ғана кәсіби деңгейде оны әртүрлі түске бояу алады, сүйікті суреттер мен граффити жасай алады, сәуледиодтық көмескі жарық қоя алады және т.б.
Корпустың сыртқы түрін өзгерту үшін аэрография – сурет салу техникасы қолданылады. Мұндай жұмысты арнайы студияда кәсіби шеберлер жасайды. Суретті лазерлік нақыштама көмегімен салуға болады. Ол жағдайда оны тек металда немесе акрилде орындауға болады.
Көмескі жарықты сыртқы және ішкі қылуға да болады. Ішкі көмескі жарық жүйелік блоктың қабырғаларында саңылаулар жасау есебінен жасалады. Көмескі жарықты құрастырылған органикалық әйнек арқылы көруге болады. Кесуді лазер көмегімен жүзеге асырады, ол жұмысты тиянақты жасауға мүмкіндік береді (сур. 3.15).