Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



бет90/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113

170



Сур. 3.19. «Робот» жүйелік блогы Сур. 3.20. Ретро стильдегі түрлендіру

Сур. 3.21. Жарықдиодты көмескі жарық Сур. 3.22. Жүйелік блоктың
моддингтік флешкалары

Моддинг саласындағы ең батыл шешімдерді доңғалақты оғаш трактор түріндегі жүйелік блоктың корпусын жасап шыға ру идеясын жүзеге асырған шеберлердің мысалында қарастыруға болады (сур. 3.18).
Креативті шебер Френки Дженс, Star Wars-тың нағыз әсіре жанкүйері бола отырып жүйелік блокты кішігірім жұлдызды сагадағы роботтың ішіне орнатты (сур. 3.19).

Қазіргі уақытта компьютерлік техниканың трансформациясы бойынша кәсіби қызметтерді көрсететін тұтас компаниялардың ұлғаюы байқалады.


Моддинг саласындағы ең соңғы жаңалық ол компьютердің барлық құраушыларын, мониторларды, тышқандар мен пернетақталарды қоса алғанда бір стильде түрлендіру – ол ретро (сур. 3.20), хай-тек, пирография (от жалынымен сурет салу) және раундинг (қарапайым түстегі сымдарды ашық түсті сымдарға ауыстыру).
Жарықдиодты көмескі жарығы бар түссіз жүйелік блок 3.21-ші суретте көрсетілген, ал ежелгі сағат механизмі бар және ағаш фактурасы бар өзіндік моддинг флешкалар – 3.22-суретте көрсетілген.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ




  1. Моддинг дегеніміз не және оның мақсаты қандай?

  2. Модерлердің іскерлік саласының мәні қандай?

  3. «Кастом», «пирография», «раун- динг» терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз.

  4. Оверклокинг техникасы мен моддинг өзара қалай байланысты?

3.6. НОУТБУКТЫ ЖАҢАРТУ



Жедел жадыны алмастыру. Ноутбуктың өнімділігін арттырудың ең оңтайлы тәсілі – жедел жадыны орнату немесе алмастыру. Кейбір жағдайларда жедел жадының бос слоты болады және тағы бір модуль орнатуға болады. Модульдер екіарналы режимде жұмыс жасауы үшін сондай өлшемдегі модульді орнатқан жақсы. Кейбір жағдайларда өндіруші физикалық орынды үнемдеген кездері жедел жадыға арналған орын тек ғана біреу. Зауыттық модульді шығаруға және үлкен сыйымдылықтағы модульді орнатуға тура келеді.
ЖЖҚ көлемін арттыру – компьютерді жаңартудың жеткілікті оңай тәсілі. Ол үшін ноутбуктың корпусын бөлшектеудің қажеті болмайды (көп жағдайда). Әдетте ноутбуктың артқы қақпағында кішкентай люк болады, оны ашып жедел жадының слотына (немесе слоттарына) қол жеткізуге болады.
Ноутбукқа арналған жады модулі қарапайым (стационарлы) компьютерге арналған жады модулінен бірақ қымбаттау тұрады. Пайдаланушыда 1 Гбайт жедел жады орнатылған болуы мүмкін. Алайда Vista немесе Windows 7 орнатылған болса, онда 1 Гбайт – ол аз болады. Жүйе үшін осы көлем жеткілікті, бірақ қосымшаларды іске қосуға – жеткіліксіз.
1Гбайт физикалық жадыға сыймағанның бәрі қатқыл дисктегі басқылау файлына көшіріледі және қажет болған жағдайда қайтадан жедел жадыға жазылады. Жедел жады бір қатарға қатқыл дискке қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді. 1 Гбайт жедел жады орнатып алып жүйенің өнімділігін біршама арттыруға болады, өйткені басқылау файлы неғұрлым азырақ қолданылса, соғұрлым жүйе де жылдамырақ жұмыс жасайтын болады.
Жады модулін сатып алардан бұрын жедел жады слоттарын жауып тұратын қақпақты шешіп алу керек, және жады модулінің типі мен бос слоттар санына мән беру керек, ноутбуктың аналық тақтасы сақтап тұратынең көп жады көлемін біліп алу керек.
Ноутбукта жедел жады модулін алмастыру процесін қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет