Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


AI Overclocking (Al Tuning)



бет85/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

AI Overclocking (Al Tuning). ASUS жүйелік тақталарының кейбірінде, бұл параметрдің көмегімен, жеделдетудің қолжетімді нұсқаларын таңдауға болады.
Мүмкін болатын мәндері:
Manual – жеделдетудің барлық параметрлерін қолмен өзгертуге болады;
Auto – оңтайлы параметрлері қондырылады;
Standard – стандартты параметрлері қондырылады;
AI Overclock (Overclock Profile)Overclock Options (мүмкін болатын нұсқалары 3-тен 10 %) параметрі көмегімен берілетін, жүйе бірлігі бойынша жеделдетіледі,
AIN.O.S. (Non-Delay Overclocking System) – D.O.T. ұқсас динамикалық жеделдету технологиясы қолданылады. N.O.S. Option. параметрінің көмегімен бөлшектеп қондырылады. Тақтаның моделіне байланысты сіз жеделдетудің деңгейін процентпен немесе динамикалық жеделдету жүйесінің сезгіштігін қондыруға болады.
AI Overclock Tuner. ASUS-тан жаңа тақталар қатарында жеделдетудің режимін таңдау үшін қызмет ететін параметр.
Мүмкін болатын мәндері:
Auto – параметрлерді автоматты түрде баптау (әдепкі режим);
Х.М.Р. – Intel Extreme Memory Profile (X.M.P.) стандартына сәйкес жады жұмысын баптау. Бұл стандарт сондай-ақ жады модулімен қолданады, ал қазіргі жадының кескінін таңдау үшін extreme Memory Profile параметрі қолданылады;
D.O.C.P.бұл мәнді таңдау кезінде, DRAM О.С. Profile, қосымша параметрінің көмегімен оперативті жады жұмысынын қалаулы режимін беруге болады, ал базалық жиілік (BCLK) және процессор және жадыны көбейту коэффициенттері автоматты түрде таңдалады.
Manual – жеделдетудің барлық параметрі қолмен қондырылады.
Robust Graphics Booster (Link Boost). Параметр бейнеадаптердің ырғақты жиілігін арттыра отырып, бейнежүйенің жұмысын жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Мүмкін болатын мәндері:
Auto – әдепкі бойынша бейнежүйелер ырғақты жиілікте қарапайым режимде жұмыс жасайды;
Fast, Turbo – бейнежүйесі жоғарылатылған жиілікте жұмыс жасайды, осының арқасында өнімділік шамалы жоғарылайды (әсіресе Turbo режимінде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет