Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Оптикалық жетекті ауыстыру



бет92/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113
Оптикалық жетекті ауыстыру. Ауыстыру қатқыл дискті ауыстыру сияқты жүзеге асырылады. Тек бір жағдайда оптикалық диск қақпағын ашып алу керек, ал басқасында – ноутбуктың барлық төменгі қақпағын ашып алуға тура келеді. Қатқыл диск сияқты оптикалық жетек бірнеше бұрама шегелермен бекітіледі. Оларды бұрап алып және жетекті ауыстыру керек. Егер қақпақты шешуге болмаса (кепілдіксіз қалу жағдайынан), онда қажетті дисктер типін есептеп-жазуды қамтамасыз ететін сыртқы USB-жетек сатып алуға болады.
Процессорды жаңарту. Процессорлар әдеттегідей өте сенімді, және компьютер жұмысындағы туындайтын мәселелер жиі өзге құрылғылардың кесірінен пайда болады. Егер себеп дәл осы процессорда болса, онда қарапайым шешімі микропроцессорды ақаусыз басқасына ауыстыру болып табылады. Жаңа процессор сатып алмастан бұрын жүйелік плата дәл келетін сокетке ие болатынына, қажетті кернеуді, шина жиілігін және басқа параметрлерін ұстап тұратындығына көз жеткізу қажет. Әрбір процессор белгілі логика жинағымен, және де процессорды өндіретін сол өндірушінің чипсеттердің микросхема жинағымен жұмыс істей алады.
Мысалы, Intel фирмасының процессоры Intel фирмасының және берілген процессорларға арнап чипсеттер шығаратын кейбір басқа фирмалардың чипсетімен жақсы жұмыс жасайды.
Және де бір ескеретін жайт, ол жаңа процессорлар тек жаңа чипсеттермен ғана жұмыс жасайтыны, ал соған сәйкес тек жаңа аналық тақталармен жұмыс жасайтын болады. Тағы басқа да мәселелер бар: мықтырақ процессор – ол көп энергия пайдалану мен жылу бөлу. Физикалық тозуы бар штаттық желдеткіш үлгереді ме? BIOS жаңа процессорды таниды ма?

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ




  1. Ноутбуктың жедел жадысын ауыстыру қалай орындалады?

  2. Жаңа қатқыл дискті орнату кезінде қандай мақсаттар көзделеді?

  3. Ноутбуктағы қатқыл дискті жаңарту процесі туралы айтып беріңіз.

  4. Процессорды жаңарту кезінде жөндеуші қандай мәселелерге тап болады?

3.7. ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІНІ ЖАҢАРТУ



Жергілікті есептеуіш желілерін (ЖЕЖ) жаңарту мен жаңа нұсқасын тұрғызу қажеттігі ескі желілік архитектура мәселелерінен туындайды: ■ пайдаланушыларға желінің өткізушілік қабілеті жеткіліксіз болады;
■ серверлердің сұраныстарға жауап беру жылдамдығының аздығы;
■ барлық жабдықты ауыстырмай ең жылдам бөлінген байланысқа өту қажеттілігі;
■ желіні жоғары беріктілікпен қамтамасыз ету;
желіні ыңғайлы басқару;
■ жобалау кезеңінде тапсырыс берушінің ақпараттық қажеттіліктерінің өсу қарқыны ескерілмеген, сондықтан салмақ ағымдағы желіге артады, ал өнімділік төмендейді. Осы мәселелердің салдарынан жаңартылған жергілікті есептеуіш желіні тұрғызу нұсқасы мынадай болады:
жылдамырақ желілік технологияға өту (мысалы, Ethernet 10 Мбит/c технологиясынан FastEthemet 100 Мбит/ технологиясына немесе одан жылдамырағына);
виртуалды желілерді ұйымдастыру (VLAN), олардың трафигы каналдық деңгейде басқа желі тораптарынан толықтай оқшаулау; ■ каналдарды (транкинг) біріктіруді жүзеге асыру желінің беріктілігі мен өткізу қабілетін арттыру мақсатында бірдей уақытта параллель каналдарды пайдалана отырып. ЖЕЖ жаңартудың жанама себептері деректердің қауіпсіздігінің бұзылуы мен басқарудағы қиыншылықтар болып табылады. Жылдамдықты технологияларға ауысқан кезде көптеген өзгерістер енгізу қажеттігі туындайды. Желінің өнімділігін арттыруға сүйеніш жасалады. Ол үшін жаңа адаптерлер мен драйверлерді әрбір компьютерге орнату керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет