Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


Safe mod пунктін таңдаңыз



бет97/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113
Safe mod пунктін таңдаңыз. Егер жүктеу жүргізілсе, Жүйенің ерекшеліктері мәзіріне кіріңіз және құрылғыларды тексеріңіз (сары түсті сұрақ немесе леп белгілері).

  • Жүйені қайта жүктеңіз.

  • Егер қате жойылмаса, операциялық жүйені қайта орнату қажет болады.

    С дискісінің түбірлік каталогын «тазартып» болған: жүйе жүктелмейтін болды. Келесі әрекеттерді орындаңыз.

      1. Жүктейтін дисктің түбірлік каталогында әрдайым io. sys, msdos. sys және command. com (Windows 9. x/Me операциялық жүйелері үшін) немесе ntldr, boot. ini, NTDETECT.COM, Bootfont. bin (Windows XP/2000/2003 операциялық жүйелері үшін) файлдар болуы тиіс.

      2. Операциялық жүйенің каталогы болуын тексеріңіз (мысалы, Windows).

      3. Ешқашан бұл файлдарды және Windows каталогын жойып немесе атын өзгертіп тастамаңыз.

    Операциялық жүйені қайта орнату қажет. Оны келесі тәсілдердің бірінің көмегімен жасауға болады.
    Т ә с і л 1: Бар операциялық жүйе «үстінен» орнату. Операциялық жүйенің дистрибутиві бар дискті қойыңыз
    және Setup орнату бағдарламасын іске қосыңыз. Тәсілдің тиімділігі аз, өйткені ол әрқашан мәселені жойып отырмайды. Бұл тәсіл кезінде барлық баптаулар және орнатылған қолданбалы бағдарламалар сақталады. Берілген тәсіл үйлеспейді, егер Windows XP/2000/2003 операциялық жүйесі орнатылған болса.
    Т ә с і л 2: қайталап орнату. Тәсіл тиімді, өйткені жүйе қайтадан толықтай орнатылады. Жетіспеушілігі тек қайтадан барлық қолданбалы бағдарламаларды орнату және жүйені күйге келтіру болып табылады.
    Жадының ақаулықтары. Ақаулықтың бұл типі алуан түрлі симптомдармен сипатталады: әртүрлі нүктелер, жолақтар, түстің дұрыс берілмеуінен бастап құрылғының толық істен шығып қалуына дейін.
    Жады дефектілері әрқалай көрінуі мүмкін. Экран бетіндегі «Қоқыс» компьютерді қосқан сәттен бастап, ОЖ жүктегеннен бастап пайда болуы мүмкін. Дефекттердің көріну орны мен сипаты жадының ауытқу ұяшықтарының мекенжайынан және олардың зақымдалу дәрежесінен тәуелді болады. Жадының ақаулығының негізгі эффектісі еркін режимде жұмыс жасаудағы ауытқулар деп санауға болады. Жадының ауытқу модульдерінің болуын Test Video RAM типті арнайы бағдарламалардың көмегімен анықтауға болады.
    Видеокартаның ақаулығы. Егер мықты видеокарта жабық, нашар желдетілетін корпуста жұмыс істесе, онда ол жанып кетуі мүмкін. Заманауи видеокарталар жеткілікті үлкен қуат тұтынады және соның салдарынан қатты қызады.
    Видеокартаның қатты қызып кетуінің белгілері болып үдеткіштің интенсивті жүктелуінің басталуынан соң бірақ уақыт өткен соң пайда болатын экран бетіндегі әртүрлі жыпылықтаулар табылады.
    Мониторлардың сынуының себептері. Мониторлардың сынуының негізгі себептері:
    ■ өндіруші зауытта монитор детальдарының өндіру технологиясының бұзушылығы;
    ■ жылу режимінің бұзылуына әкеліп соқтыратын монитордың қате орнатылуы;
    ■ үздіксіз қорек блогы болмаған кезде желідегі қысқа уақыттық кернеу секірістері;
    ■ монитордың механикалық ақаулықтары;
    ■ монитордың қандай да бір деталінің қолданылу мерзімінің аяғына тақау; ■ дұрыс жасалмаған жөндеу.
    Жаңа мониторды орнату. Жаңа мониторды орнату үшін алдымен Құрылғылар диспетчерін ашу керек және құрылғылар тізімінен ағымдағы мониторды жою. Windows жұмысын аяқтап, компьютер мен мониторды сөндіріп қою керек.
    Мониторды айнымалы ток көзінен сөндірген соң кабельді компьютер корпусының артқы бөлігіндегі жалғағыштан суырып алу керек. Ескісін алып тастап, орнына жаңасын қояды. Жаңа монитордың видеокабелін корпустың артқы бөлігіндегі видеокарта жалғағышына қосып, және күштік кабельді жаңа мониторға жалғап, мониторды ток көзіне қосу керек. Алдымен мониторды қосу керек, содан соң компьютерді қосу керек.
    Операциялық жүйе жүктелген соң ол жаңа мониторды «таниды» және дискжетекке мониторға арналған драйверлері бар компакт-дисктерді қоюды ұсынады. Драйверлерді сәтті орнатып болған соң жаңа мониторды баптау ұсынылады.
    Жаңа мониторды қосқан соң операциялық жүйе әдепкі қалпы бойынша экран рұқсаты мен жаңару жиілігін орнатады. Егер бұл мәндер ойдағыдай болып шықпаса, мониторды дұрыс баптау қажет болады.
    Экран рұқсаты мен жаңару жиілігін өзгерту үшін тышқанның оң жақ батырмасымен Жұмыс үстелінде басу керек және пайда болған мәзірден Қасиеттері пәрменін таңдау керек. Параметрлер қосымшасына өте отырып, түстің қанықтылығы мен рұқсатын (сур.3.33) таңдауға болады. Егер 3D-видеокарта орнатылған болса, онда 32 биттік түстер жинағын пайдалану керек

    Сур. 3.33. Экран қасиеттерінің параметрлері Қосымшасы
    Егер 32-биттік режим қолжетімсіз болса, онда 24- және 16-биттік түстер қолданылатын болады. 16-биттік режим (16түс) операциялық жүйемен автоматты түрде жаңылулардан қорғау режимінде орнатылады (қорғалған режим).
    Тігінен экран жаңаруының жиілігін өзгерту үшін қосымша парақта Қосымша шерту керек. Әдепкі қалпы бойынша экран жаңаруының жеткілікті төмен жиілігі пайдаланылады, мысалы 60 Гц. Ол 800 х 600 пиксельдер және одан жоғары рұқсаттарда экранның жыпылықтауына әкеледі. Жыпылықтау эффектісін азайту үшін ол параметрді 75 Гц тең қылып орнату керек. Қосымша батырмасына басып, монитор типі туралы ақпаратты және видеокартаның микросхемасы туралы деректерді көруге болады (сур. 3.34).
    Видеокарталар мен мониторларды өндірушілер әртүрлі модельдер үшін аппараттық қамсыздандырудың бірдей драйверлерін пайдаланады, сондықтан монитордың (монитордың алдыңғы панеліндегі жазба) атауы жиі Экранның қасиеттері диалогтық терезесінің Баптау қосымша бетіндегі атаумен сәйкес келмейді. Егер Windows жүйесі монитор немесе видеокартаны тани алмаса, онда компьютер жұмысы үшін қауіпсіз, бірақ көзге зиян 60 Гц жиілік орнатылады. Windows жүйесі сіздің видеокартаңызды анықтағанын көруге Экранның қасиеттері терезесінің Баптау қосымша бетінде болады

    Сур. 3.34. Монитор типі туралы ақпарат
    Егер Windows ОЖ монитор немесе видеоплата үшін драйверлерді таба алмаса, онда жаңару жиілігін 60 Гц тең деп орнатты.
    Егер монитор тізімде Белгісіз дисплей немесе Стандартты дисплей ретінде белгіленсе, өзгертулер жасау керек, кері жағдайда операциялық жүйе монитордың сыну мүмкіндігі болғандықтан экранның ең жаңаруының ең жоғары жиілігін (75 Гц) таңдауға мүмкіндік бермейді.
    Видеокарта үшін жаңа драйверлер орнату қажет. Ол үшін мониторды немесе видеокартаны өндірушінің сайтына кіріп «туған» драйверінің жаңа нұсқасын жүктеп алу керек. Мұндай әрекеттер әдетте видеожүйенің жұмысымен байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі.
    Принтерлердің ақаулықтарын диагностикадан өткізу. Ағынды принтердің механикалық ақаулары қолайсыз шуға әкеліп соқтырады. Ақаулықтарға механизм бұзылғандығы жатады: ■ каретканың орын ауыстырулары; ■ қағаздың орын ауыстырулары; ■ қағазды беру.
    Ағынды принтер шүмегі мен картриджінің беті уақыт өте келе сия тамшыларымен және қағаз түктерімен ластанады, соның салдарынан басып шығару сапасы төмендейді. Шаң каретканың орын ауыстыру механизмінің бағыттауышында оның орын ауыстыруын қиындатып жиналады.
    Шүмектің ішінде сияның кеуіп кетуін болдырмау үшін принтерді қоректену батырмасымен сөндіру керек. Егер пайдалану кезінде ашасын желіден жұлып алса немесе кернеудің апаттық сөнуі жағдайларында аралық позицияда қалып қойған басып шығарушы ұшында сияның қарқынды кеуіп қалуы жүреді. Ағынды принтерлердің көптеген модельдерінде парковка режимі болады, ол кезде басып шығарушы ұшы принтер ішінде бастапқы қалыпқа келеді, ол сияның кеуіп қалуынының алдын алады. Кейбір ағынды принтерлерде шүмектерді тазалайтын арнайы құрылғылар болады.
    Ағынды принтерлер төмен кернеуді мүлдем «көтере» алмайды, ол принтердің бұзылуына әкеледі немесе басып шығарушы картридждердің сынуын туғызады. Төмен кернеу кезінде басып шығару әрекеті кезіндегі қарапайым жағдай – принтер алғашқы бірнеше қағазды басып шығарады, содан соң тоқтайды және қате туралы хабарлама шығарады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   113




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет