Лазерлік принтерлердің ақаулықтарының негізгі түрлерін үш топқа бөлуге болады:
■ электрондық схема ақаулықтары;
■ кинематика мен механиканың ақаулықтары; ■ картридждың ақаулықтары.
Лазерлік принтерге профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін оны бөлшектеу қажет, ол үшін сыртқы пластмасса қабын шешу керек. Принтердің ішкі беттерін шаң мен тонерден тазарту керек. Резеңке роликтерді резеңке беттерге профилактика жасауға арналған сұйықтықтармен сүрту керек (мысалы, Automation Facilities фирмасының Platenclene), ал айналарын – оптикалық беттерді профилактика жасауға арналған сұйықтықпен сүрту керек (AF фирмасының Safeclens немесе ұқсас құралдар Xerox, Katun). Принтердің жақтауының ішкі бөлігін компрессормен үрлеп тазартуға болады. Пластик қаптар сұйық сабынмен немесе арнайы құрамдармен Foamclene (AF) жуылады.
Пернетақтаны диагностикадан өткізу және қызмет көрсету. Пернетақтаның негізі болып контакттар матрицасы (пернелер) табылады. Пернені басу фактісін анықтау тапсырмасын, оның кодын (скан-код) қалыптастыру және деректерді ДК-ге беруді арнайы микроЭЕМ (пернетақтаның контроллеры) шешеді. Контроллердің негізгі элементтері болып табылады: тактілік генератор, екілік есептеуіш, шифрды жай жазуға айналдырушы, ТЕҚ, селектор, кіру регистрі.
Пернетақтаның компьютермен байланысы кезекті кодпен жүзеге асырылады. ДК әрбір қосылуы кезінде пернетақта POST-тесттермен тестілеуден өткізіледі. Пернетақтаның стандартты қате кодтары POST рәсімі үшін монитор бетіне шығарылады және келесі түрде болады (BЮS-тың кейбір типтері пернетақтаның қате кодтарын шығармайды):
■ 3хх – пернетақтаның ақаулығы;
■ 301 – пернетақтаның қайта түсуі ақаулығы немесе перненің «жабысуы» (XX 301, XX-он алтылық скан-код);
■ 302 – пайдаланушымен анықталатын пернетақтаны тестілеу қатесі;
■ 303 – пернетақтаның немесе жүйелік платаның ақаулығы, контроллердің ақаулығы;
■ 304 – пернетақтаның немесе жүйелік платаның ақаулығы, пернетақтаны синхрондаудың жоғары жиілігі;
■ 305 – пернетақтаның +5 В қоректену көзінің ақаулығы, PS/2-де пернетақтаны сақтандырғыш істен шықты;
■ 341 – пернетақтаның ақаулығы;
■ 342 – пернетақта кабелінің ақаулығы;
■ 343 – пернетақта кабелінің немесе жарық диод платасының ақаулығы;
■ 345 – пернетақта кабелінің немесе жарық диод платасының ақаулығы; ■ 346 – пернетақтаның интерфейстік кабелінің ақаулығы.
Пернетақта істен шыққан кезде жиі оны жөндегенше алмастырған жөн, әсіресе электрондық «салмасы» немесе пернелерінің бірі бұзылса. Қосалқы бөлшектерін табу мүмкін емес, бірақ егер олар болған жағдайдың өзінде де оларды ауыстыру процедурасы күрделі болады.