Тексеруді талап ететін D дискіне тышқанның оң жақ пернесіне шертіңіз және Қасиеттері тармағын таңдаңыз. Мұнда кейбір мәселелерді шешіп және қатқыл дискте қателер болмайтынына көз жеткізіп болған соң компьютердің өндіргіштігін арттыруға болады.
Сервис қосымша бетінде (сур. 3.42) Тексеруді орындау батырмасын басыңыз. Сканерлеу кезінде табылған файлдар мен папкалардың ақаулықтарын автоматты түрде түзету үшін жүйелік қателерді Автоматты түзету таңдаңыз. Кері жағдайда дискті тексеру тек ақаулықтар туралы хабарлап, бірақ түзетпей отырады.
Дискті мұқият тексеруді орындау үшін Зақымдалған секторларды тексеру және қайта қалпына келтіруді таңдаңыз. Оны сканерлеу қатқыл дисктің өзінен тауып алуға және физикалық қателерді түзетуге тырысады. Ол үшін көп уақыт қажет болады.
Файлдық, физикалық қателерді тексеру үшін Жүйелік қателерді автоматты түрде түзету және Зақымдалған секторларды тексеру және қайта қалпына келтіруді таңдаңыз.
Жасалған жұмыс туралы есеп жасаңыз, дәптерге бағдарлама жұмысының технологиялық процесі мен тексеру нәтижесін жазып қойыңыз.
КОМПЬЮТЕР КЕШЕНДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ
АҚАУЛЫҚТАРДЫ АСПАЛЫ МОНТАЖ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАУ
Тапсырма оқытушының жетекшілігімен әрбір оқушымен жеке орындалады.
Желіден электр қорек көзін сөндіріңіз.
Орнатылатын компоненттердің таңдамасы мен тексеруін жүргізіңіз. Ол үшін қажетті конфигурацияны корпустан тыс стол үстіне жинаңыз.
Аналық тақтаны тегіс, түзу, көлденең электрден оқшауланған бетте жүйелік блоктың жанында қойыңыз. Аналық тақтаға суыту жүйесі және жедел жадының бір модулі бар процессорды орнатыңыз.
Тиісті ұяшыққа видеокартаны орнатыңыз.
Видеокарта жалғағышына мониторды қосыңыз.
Аналық тақтаға пернетақтаны қосыңыз.
Аналық тақтаға қоректену кабелін, қосу батырмаларының сымдарын, қатқыл диск шлейфін қосыңыз.
Қоректену сымын корпусқа қосыңыз және қоректену батырмасын басыңыз.
Алғашқылық тестілеу (POST) мен құрылғыларды тану қалыпты өтіп жатқанына көз жеткізіңіз. Егер жинақтауыштары дұрыс болса, компьютер жұмыс жасауы тиіс.
Компьютерді сөндіріп, ток көзінен ажыратыңыз.
Корпусты толықтай жинаңыз және компьютерді өзіне белгіленген орынға орнатыңыз. Қоректенуді қосыңыз. Компьютер жұмысқа дайын.
Егер бір нәрсе дұрыс болмаса, қорек көзін ажыратыңыз, сол немесе басқа компонентті алмастырыңыз немесе дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.