Өндірістік тапсырмаларды шешуге байланысты сіздің компьютеріңіздің аналық тақтасына мықтырақ процессор, видеокарта орнату және жедел жады көлемін арттыру қажеттігі туындады.
Жаңа аналық тақтаны сатып алу мен орнатудың мақсатқа сәйкестігін анықтаңыз. Ол үшін Speccy немесе AIDA 64 утилитасын іске қосыңыз және жүйеде орнатылған аналық тақта туралы барлық керекті ақпараттарды алыңыз.
Интернетті пайдалана отырып, www.im30.ruмекенжайы бойынша «Столица» компаниясы интернет-дүкенінің прайс-парағын ашыңыз.
Видеомонтаж бен дыбыс жазу үшін компьютердің аналық тақтасын оңтайлы комплектациясынан өз нұсқаңызды құрастырыңыз.
Аналық тақтада процессор мен жедел жадыны орнатуды орындаңыз.
Аналық тақтаны жүйелік блоктың корпусына орнатыңыз.
Бұрандалармен мықты бекітіңіз.
Ток көзіне қосыңыз. Заманауи платаларда ток көзіне жалғағыш бірыңғай 20-контактілі блок түрінде жасалған. Ол ток көзіне дұрыс емес қосуға мүмкіншілік бермейтін кілттерге ие.
Компьютердің компоненттерінің жинақтауын толық орындаңыз.
Құрылғыларды аналық тақтаға қосыңыз.
Видеокартаны орнатыңыз.
Жаңа аналық тақтаны орнату мақсатқа сәйкестігі туралы қорытындылар қалыптастырыңыз және жазыңыз және жасалған жұмыс жайлы есеп жасаңыз.
ҚАТҚЫЛ ДИСКТІ ЖАҢАРТУ
Қатқыл дискті орнатудың мақсатқа сәйкестігін анықтаңыз. Ол үшін Speccy немесе AIDA 64 утилитасын іске қосыңыз және жүйеде орнатылған диск туралы барлық керекті ақпараттарды алыңыз.
Қатқыл дискті жаңарту үшін қатты магнит дисктегі жаңа жинақтауыш сатып алу ұсынылады (ҚМДЖ).
Қатқыл дискті орнату үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:
■ компьютерді қорек көзінен сөндіріңіз;
■ жүйелік блоктың қақпағын ашыңыз;
■ егер сізде IDE-диск болса (ATA-диск), оның шинаға (Master/Slave) қосылу режимін қосқыш көмегімен конфигурациялаңыз. SATA-дисктер мұндай баптауларды қажет етпейді;
■ қатқыл дискті корпусқа орнатыңыз, оны мықтылап бұрандалармен бекітіңіз;
■ интерфейстік кабельді қосыңыз (IDE немесе SATA); ■ қорек кабелін қосыңыз.
Компьютерді қосыңыз, сәтті жүктелу жүріп жатқанына көз жеткізіңіз.