Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ЖЕДЕЛ ЖАДЫҒА ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ



бет106/113
Дата27.11.2023
өлшемі17,18 Mb.
#128941
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113
Байланысты:
derbes-kompyuterdiserverlerdiperiferiyaly-rylylardy-zhne-zhabdy p424231235885

ЖЕДЕЛ ЖАДЫҒА ДИАГНОСТИКА ЖАСАУ

    1. Нұсқаулықпен танысыңыз.

Егер Windows операциялық жүйесі зақымдалған болса, үнемі «көк экранға» «ұшып» кетіп отырса және жалпы тұрақсыз жұмыс істесе, жедел жады диагностикасын жасау ұсынылады. ЖЖҚ-да әртүрлі ақаулықтардың пайда болу себептері болып модульдердің өндірісі кезінде бастапқы ақаулар, ДК қоректену блогы жұмысындағы бұзушылықтар немесе кернеудің айырмалары мүмкін. Зақымдалулар мен қателердің болуына орнатылған жады модульдерін тексеруді операциялық жүйеге кіріктірілген Компьютердің жедел жады мәселелерін диагностикадан өткізу утилита көмегімен тексеруге болады.

    1. Windows 7 операциялық жүйесінде келесідей әрекеттерді орындаңыз:

■ Жіберу, Басқару панелі, Жүйе және қауіпсіздік, Әкімшілеу, Windows
Жадыны тексеру құралы мәзірін ашыңыз (сур. 3.43);
■ пайда болған терезеде нұсқалардың біреуін таңдаңыз; ■ қайта жүктеуді және тексеруді орындаңыз (ұсынылады); ■ компьютердің келесі қосылған кезінде тексеруді орындаңыз.

    1. Компьютерді қайта жүктеген соң компьютер экранында ақпарат көрсетіледі (сур. 3.44).


Сур. 3.43. Windows жадысын тексеру құралы


Сур. 3.45. Ақаулықтарды жою

    1. Бағдарлама жұмысының нәтижесін талдаңыз. Егер жалпы жады қателері бар тесттен өтсе, жадының нақты зақымдалған планкасына кірісіңіз.

    2. Компьютерді қорек көзінен сөндіріңіз.

    3. Жүйелік блокты ашыңыз.

    4. Аналық тақтада жалғағыштардан процессорға жақын бір планкадан басқасын ажыратып тастаңыз.

    5. Компьютердің Жедел жады мәселелерін диагностикадан өткізу утилитасын қайта іске қосыңыз және тесттің аяқталуын күтіңіз. Егер ол қатесіз өтсе, компьютерді сөндіріңіз, жады планкасын суырып алыңыз, оны жұмыстық ретінде белгілеңіз және басқа жаққа алып қойыңыз. Келесі планканы қойып, барлық амалдарды қайталаңыз. Сонымен жадының мәселелік модульдерін анықтаңыз.

    6. Жүргізілген жұмыс туралы есеп жасаңыз, есепте ЖЖҚ-ғы пайда болатын ақаулықтардың себептерін атап шығыңыз және Компьютердің жедел жады мәселелерін диагностикадан өткізу утилитасымен жұмыс жасау ретін сипаттап беріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет