RivaTuner бағдарламасы драйверді қолданып баптауды орындайтын болғасын, оның көмегімен жиілік бабы автоматты түрде жасырынған драйвер мүмкіндігін белсендіреді.
Баптаудың келесі өзгерістерін драйвердің стандартты құралдарының көмегімен орындауға болады.
Бейнекарталарды жеделдету үшін, нақты графикалық процессорға байланбаған, әмбебап сипаттағы стандартты бағдарламаларды қолдануға болады.
Мұндай бағдарламалар драйвердің ерекшеліктерін есепке алмайды, және горафикалық процессорды тікелей бағдарламалауды қолданады. Ең кең мүмкіндікті PowerStrip бағдарламасы алады. Бейнеадаптерді жеделдету үшін оны қолдануда, индикация панеліндегі оның белгісіне тышқанның оң жақ батырмасымен басу қажет және ашылған мәзірде командаларды таңдау керек Performance profiles – Configure (Өндірушілік -баптау). Бұл жағдайда жиілік движок көмегімен беріледі. Движок арасындагі жолақтардың түстері берілген мәнді жиіліктерді қондыруда шартты индикатор ретінде қарастырылады.
Процессор жүйесін жеделдетуден кейін қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады?
Бейнекартаны жеделдетуге арналған қандай бағдарламалар сізге таныс? Олардың ерекшеліктерін көрсет.
3.4.
BIOS ЖЕТІЛДІРУ
Әртүрлі фирмамаен жасалған құрауыштардың сәйкестілігі мен үйлесімділігі мүлде шарасыз болады.
Аппараты құрауыштарды баптау жүрісі кезінде екі тапсырма шешіледі. Алдымен құрылғылардың өзара әркеттесуінде сенімділік пен қателіксіздікке жетеді. Одан кейін, жұмыстың сенімділігін сақтай отырып, оңтайлы өнімділікке жету керек. Алдыңғы баптаудың мәні – аналық тақтаның интерфейсін баптау. Ол BIOS SETUP бағдарламалық құралымен жүзеге асады.
BIOS жетілдіру жаңа нұсқамен бірге BIOS көне нұсқасын құрайтын микросхеманы қайта бағдарламалау жолымен орындалады. Әдетте бұл жаңа типтегі ЦП, жады, ұлкен сыйымдылықты HDD қондыруда немесе жалпы жүйедегі жұмыс тұрақтылығын арттыру мақсатында қолданылады.
Қайта бағдарламалау, аналық тақтамен жинақта келетін, арнайы утилитатының көмегімен іске асады. Жаңа BIOS нұсқасын өндіруші сайтынан алуға болады.
BIOS (basic input/output system) – енгізу-шығарудың базалық жүйесі – эдискісіз қол жетімді, компьютерге құрылған бағдарламалық қамтамасыз ету. BIOS пернетақта, бейнекарта, дискі, порттары және басқа құрылғыларды басқаратын кодты құрайды.
DOS және Windows 9х жұмыс кезінде BIOS негізгі құрылғыларды басқарды, яғни драйвер құрылғыларын құрайды. OS/2, UNIX, WinNT, XP жұмысы кезінде BIOS тек алғашқы тексеріс пен баптауды орындайды.
BIOS классикалық нұсқасы. BIOS SETUP құралы – қолданушының басқаруында болатын, компьютерді баптауда ең қуатты құралдардың бірі болып саналады. Өкінішке орай, қолайсыз инструменттер де осылар. Қолайсыз болу себептері объективті. BIOS жүйесі ПЗУ- де сақталады, көлемі қатаң шектелген. Соңғы буындағы аналық тақталардың ПЗУ көлемі артқанымен, SETUP құралы жұмысы мен оның интерфейсін қамтамасыз ететін бағдарлама көлемі минималды болып қалады.
Келесі олқылықтармен келісуге тура келеді:
■ Әдетте ағылшын тіліндегі интерфейс;
■ Анықтамалық жүйенің болмауы;
■ Берілген команданың дәл еместігі;
■ Белгілердің әр компьютерде әртүрлілігі BIOS негізгі функциялары (ДК көбісіне):
■ Процессор, жады, жүйелік логиканың микросхемасы, видеоадаптер, дискі бақылаушылар, дискіенгізгіш, пернетақта және басқа жүйенің
құрауыштардың қорек көзін қосқанда өзін-өзі тексеру тесті (POST-тест)
■ BIOS параметрін қондыру бағдарламасы (SETUP BIOS) керісінше – жүйе параметрлерін конфигурирациялау;
■ Операциялық жүйенің бастапқы жүктелуі – дискілік құрылғыларда бас жүктеу секторын іздеуді орындау;
■ Жүйені жүктеу кезінде аппараттық қамтамасыз ету және операциялық жүйелерін өзара әрекетіне арналған драйвер жиынтығы.
SETUP құралдарын белсенді ету үшін, компьютерді жүктеуде алғашқы кезеңінде нақты түймені басу қажет (жиірек Delete немесе F2 түймесі). Оны компьютердің өзін-өзі тексеруі кезінде басқан ыңғайлы. (3.10 - сурет).
3.10-сурет. BIOS стандартты терезесі
SETUP құралының интерфейсі көпдеңгейлі мәзір ретінде орындалған. Оны рәсімдеудің тәсілі нақты BIOS нұсқасына тиесілі. Жоғары деңгейлі мәзірдің пунктерін басқару меңзері түймесімен таңдайды. Enter түймесін басу нақты баптауды құрайтын келесі деңгейлі мәзірдің ашылуына әкеледі, солай келесі деңгей мәзірде солай.
Параметрдің мәндерін Page Up және Page Down түймелері көмегімен өзгертеді. Жоғары деңгей мәзіріне оралу үшін, Esc түймесі басу жеткілікті.
Баптауға қол жеткізуден басқа, жоғары деңгейлі мәзір стандартты баптау жиынтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ оларды сақтайтын (немесе олардан бас таратын) командаларды құрайды. Бұл командалардың барлығы растауды қажет етеді. Мұндай растауды беру үшін, Y және одан кейін Enter түймесін басу керек. Enter немесе Esc түймелерін тез арада басу командаларды кері қайтарады.
Командалардың дәл құрылуы BIOS әр түрлі нұсқаларында ерекшеленуі мүмкін.