1. Ақпарат жинауда көз қандай рөл атқарады және ол неше қабықтан
тұрады?
Склера деп қандай қабықты, мөлдір қабық деп қандай қабық-
шаны атайды және олар қандай қызмет атқарады? Көз моделі бойынша
түсіндіріңдер.
2. Көз алмасының екінші негізгі қабығын не құрайды, ол қалай орналасқан,
қандай қызмет атқарады? Көздің оптикалық жүйесі қандай элемент-
терден тұрады, оның оптикалық центрі мен оптикалық өсі қайда және
қалай орналасқан? Көз моделі бойынша түсіндіріңдер.
3. Көз алмасының үшінші негізгі қабығын не деп атайды, ол қайда орна-
ласқан, қандай бөліктерден тұрады және нендей қызметтер атқарады?
Көз моделі бойынша түсіндіріңдер.
4. Аккомодация дегеніміз не және қалыпты сау көз деп қандай көзді ай-
тады?
5. Көздің көру кемшіліктері не себепті туындайды және олар қандай
түрлерге бөлінеді? Көздің көру кемшіліктерінен қалай арылуға болады?
ОПТИКАЛЫҚ АСПАПТАР 1. «Оптикалық аспаптар» термині «оптикалық жүйелер» деп ата-
латын ауқымды ұғымның аясындағы құралдар мен құрылғылардың
тек біразын ғана сипаттайды. Кең мағыналы
оптикалық жүйе ұғымы
биологиялық органдарды да (мысалы, көз жүйесін), ақ жарықты ғана
емес, көзге көрінбейтін басқа да электрмагниттік толқындарды (мы-
салы, радиотолқындарды), тіпті зарядталған бөлшектер ағындарын
да түрлендіре алатын күрделі қондырғыларды қамтиды. Сонымен,
оптикалық аспаптар деп жарықтың шағылу, сыну т.б. заңдары негізін- де жарық сәулелерін түрлендіріп, нәрселердің кескіндерін үлкейтіп не- месе кішірейтіп көрсететін құрылғыларды айтады.
Оптикалық аспаптар қатарын
лупадан бастап одан да күрделі фотоап- парат, кинокамера, бейнекамера, микроскоп, телескоп, перископ, проек- тор, кинопроектор, диапроектор, эпидиаскоп тағы басқалар құрайды.
Олардың негізгі бөліктері әртүрлі линзалар мен айналар жүйесінен
тұрады. Оптикалық аспаптардың ең қарапайым үлгілері
лупа мен каме- ра-обскура болып табылады.
2. Лупа – нәрсені үлкейтіп көрсетуге арналған қос дөңес линза (сурет
7.32). Әдетте лупалардың фокус қашықтығы 1–10 см аралығында жата-
ды. Фокус қашықтығы 10 см лупаның үлкейтуі 3,5 еседей болады.