Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет197/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   203
эпископтық әдіс деп аталады. Тек эпископтық 
әдісті ғана пайдаланып жұмыс жасайтын құрылғыларға эпископтар 
мен
мегаскоптар жатады.
Лазер сәулелерін пайдаланатын
проекторлар да шығарыла бастады.
Лазерлік проекторлар нәрселердің
көлемдік кескіндерін де көрсетіп бере
алады (сурет 7.38).
6. Оптикалық микроскоп (сурет
7.39) – өте кіші көзге көрінбейтін ны-
сандарды (мысалы, бактериялар мен
жасушаларды) жақын қашықтықтан
үлкейтіп көрсететін аспап. Микро-
скоптың оптикалық жүйесі
объектив-
тен (В) және окулярдан (А) тұрады. Олар металл тұғырдың жоғарғы
жағындағы қозғалмалы тубусқа бекітілген. Металл тұғырдың төменгі
жағында зерттеу
нысанын (С) орналастыратын кішкентай үстел (Е)
бекітілген. Объективтегі бірінші линза нысанның төңкерілген тура
кескінін жасайды. Окулярдағы екінші линза
лупа сияқты кескіннің көру бұрышын одан са-
йын үлкейте түседі. Микроскоптың үлкейтуі
объект пен окулярдың үлкейтулерінің көбей-
тіндісіне тең. Заманауи микроскоптардың бар-
лығы дерлік жарықтағыш жүйе
конденсатор-
мен (D) және оны басқаратын тетікпен, жарық
сәулелерін шағылдыратын
айнамен (F), тубус-
ты қозғалтып көру айқындығын жақсартатын
макро- және микробұрандалармен қамтамасыз
етілген. Қолданыс аяларына қарай микроскоп-
тар қазіргі цифрлы технология жетістіктерін де
қолдана алатын сан алуан құрылымдық түрде
шығарылады.
7. Жарық шоқтарымен жұмыс жасайтын
оптика лық микроскоптардың үлкейтулері бірнеше жүздеген еседен
1000–1500 есеге дейін жетеді. Ал электрон шоқтарымен жұмыс жа-
Сурет 7.38. Лазерлік проектор
Сурет 7.39. Микроскоп
A
B
C
E
D
F
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



215
сайтын




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет