Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет195/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   203
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



212
3. Камера-обскура (лат. «camera obsc


ūra» – «қараңғы бөлме») – нәр-
сенің оптикалық кескінін алуға мүмкіндік беретін қарапайым құрал.
Ол бір қабырғасы тесік, ал оған қарсы қабырғасында экран орнатылған
жарық өткізбейтін жәшік болып табылады (сурет 7.33,
а). Жарық шоғы
диаметрі 0,5–5 мм болатын тесіктен өтіп, экранда нәрсенің төңкерілген
кескінін береді (сурет 7.33,
ә). Экранның орнына жарықсезгіш фотоқағаз
қойып, нәрселердің суреттерін алуға болады. Камера-обскурада алынған
кескін онша анық та, қанық та болмайды. Десек те, тесіктің диаметрін
белгілі бір шекке дейін кішірейтіп, айқынырақ кескін алуға болады.
4. Фотоаппарат, кинокамера, бейнекамера – қозғалмайтын неме-
се қозғалыстағы бейнелерді фотоматериалдарға, магниттік таспаларға
түсіретін немесе «цифрды есте сақтау» үшін жазып алатын оптикалық
аспаптар (сурет 7.34). Олардың барлығы да
объективтен және жарық
өтпейтін
камерадан тұрады.
Объектив – кескіні түсірілетін нәрсеге тура қаратылатын бірнеше
линзалардың (кейде айналардың) біртұтас кішігірім жүйесі, әрі оптика-
лық аспаптың маңызды бір бөлігі. Оның біртұтас тубусқа біріктірілген
линзалары (айналары) бірінің кемшілігін бірі толықтырумен қатар, жора-
мал бейнелерді тура бейнелерге айналдыра да алады. Қарапайым тілмен
айтқанда объектив лупаның немесе «Камера-обскураның» қызметіне
ұқсас жұмыс жасайды.
Сурет 7.34:
а) фотоаппарат, ә) кинокамера, б) бейнекамера
а)
ә)
б)
Сурет 7.32. Лупа Сурет 7.33. Камера-обскура
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



213
Фотоаппараттың алғашқы қарапайым түрлері камера-обскураға ұқ-


сас жұмыс жасады, алайда тесіктің орнына жинағыш линзаны пайдалан-
ды. Кейінірек жинағыш линзаның орнына көп линзалы объективтерді
қолданды. Қазіргі шығарылатын ыңғайлы да ықшам фотоаппараттар (су-
рет 7.34,
а) цифрлы фотоға дейінгі аппараттардың барлық жақсы жақта-
рын микроэлектрониканың заманауи жетістіктерімен ұштастырады.
Кинокамера – арнайы жарықсезгіш таспаларға қозғалыстағы бейне-
лерді жазуға арналған құрылғы (сурет 7.34,
ә). Ол әр секунд сайын 24
кадр түсіріп, қозғалыстағы дененің әртүрлі күйін тіркеп отырады. Кино-
камералар негізінен кинофильмдер түсіру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет