148
лит ерітінділері арқылы электр тогының әртүрлі мөлшерін өткізіп, оларға
сәйкес электродтарда бөлінген заттардың массаларын таразыда өлшеу арқылы
анықтап отырды. Көптеген өлшеулердің нәтижелерін салыстыра келіп, Фа-
радей 1832 жылы электролиз процесінде бөлінетін заттардың массаларының
ток күшіне тәуелділік заңдылығын ашты. Эксперимент жүзінде ашылған бұл
заңдылық
Фарадей заңы деп аталады да, былайша тұжырымдалады:
Электролиз кезінде электродта бөлінетін заттың массасы элек-
тролиттен өтетін зарядтың мөлшеріне тура (немесе ток күшіне)
пропорционал:
m = kq = kIt,
мұндағы:
m – бөлінген заттың массасы;
q = It – электролит арқылы
t
уақытта өткен зарядтың мөлшері;
I – электролиттен өткен ток күші;
k – электрхимиялық эквивалент деп аталатын пропорционалдық коэф-
фициент.
7. Электролиттерден ток өткен кезде электродтарда заттардың бөліну
құбылысы өнеркәсіпте кең қолданыс тапты. Электролиз құбылысының
ашылуы өнеркәсіпте бұрын болмаған
электрметаллургия, гальваносте-
гия және
гальванопластика сияқты жаңа салаларды туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: