Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


§29. ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ



бет134/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

§29.

ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ
ХИМИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІ. ФАРАДЕЙ ЗАҢЫ
1. Металдарда электр тогын тек электрондар ғана тасиды. Мұндай
электрондардың металдарда қалай пайда болатынын түсіндірейік.
Металдардың атомдары кристалдық торға біріккенде өте жақын ор-
наласады да, ең сыртқы қабаттарындағы электрондарын ығыстырып
шығарады. Атомдармен байланыстарын үзіп, босап шыққан электрон-
дарды
еркін электрондар деп атайды. Атомдар сыртқы қабаттағы теріс
зарядты электрондарынан айырылып, оң зарядты иондарға айнала-
ды да, кристалл тордың түйіндерінде орналасады. Еркін электрондар
кристалл тордың ішінде бейберекет қозғалыста болады (сурет 5.28,
а).
Металл өткізгіштер ток көзіне қосылғанда олардың ішінде пайда
болған электр өрісі еркін электрондарды өрістің кернеулік векторы-
на (
Е) қарама-қарсы бағытта қозғалтады (сурет 5.28, ә). Осылайша,
электрондардың бағытталған қозғалысы электр тогын (
І) туғызады.
Сөйтіп,
металдарда электр тогын тек еркін электрондар ғана та-
сиды. Ал оң зарядталған иондар өріс күшінің әрекетінен бұрынғысына
қарағанда қарқындырақ тербеліс жасайды, алайда кристалл тордың
түйіндерінен босап шыға алмайды. Ендеше, иондар металдарда электр
тогын тасуға қатыспайды; керісінше, электрондардың бағытталған
қозғалысына бөгет болып, металдардың электр кедергісін арттырады
да, ток күшін азайтуға себепкер болады.
2. Электр өрісі туғызылған жағдайда электр тогы металл өткізгіштерде
ғана емес, сұйық ерітінділерде де, газдарда да пайда болады. Сұйық
ерітінділерде электр тогын иондар тасиды, ал газдарда электр тогын 
тасуға электрондар да, иондар да қатысады. Газдардағы электр тогы-
на найзағай және екі электродтың арасында ауада туындайтын электр
доғасы мысал бола алады.
Газдағы токтардың пайда болу табиғатымен жоғары сыныптарда та-
нысатын боласыңдар. Төменде сұйық ерітінділерде электр тогының қалай
пайда болатынына тоқталамыз.
3. Металдардың кристалдық торларының түйіндерінде тек оң заряд-
ты иондар ғана орналасады (сурет 5.28,
а). Ал кейбір денелердің (мыса-
лы, NaCl – ас тұзының) кристалдық торларының түйіндерінде оң иондар
мен теріс иондар кезектесіп орналасады (сурет 5.29). Мұндай кристал-
дарды
иондық кристалдар деп атайды. Иондық кристалдар электр тогын
өткізбейтін диэлектриктер болып табылады. Өйткені оларда токты таси-
10 – 3477
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



146
тын еркін электрондар жоқ, ал иондардың зарядтары бола тұрса да, олар


кристалл тордың түйіндерін тастап шыға алмайды.
Ас тұзынан басқа шыны, фарфор, фаянс, мрамор сияқты диэлектрик-
тер де иондық құрылымдарға жататын материалдар болып табылады.
4. Ешқандай қоспасы жоқ таза су диэлектриктер қатарына жата-
ды. Алайда аз да болса қоспасы бар су жақсы өткізгіштер болып табы-
лады. Мысалы, ас тұзын токты өткізбейтін таза суға салсақ, ерітінді
өткізгішке айналады. Судың температурасын көтерсек (еселеп ыстық
су құйсақ), ерітіндінің электр кедергісі онан сайын кеми түседі. «Бұл
құбылысты қалай түсіндіруге болады және ерітіндідегі электр тогын
қандай бөлшектер тасиды?» деген сұрақтарға жауап іздейік.
Судың еріткіштік қасиеті бәрімізге таныс. Ас тұзы немесе құры-
лымы оған ұқсас басқа да кристалдар суда ерігенде кристалдық тор-
дың түйіндерінде «байланған» иондар оң және теріс зарядты
еркін ион-
дарға ыдырайды.
Еріткіштің молекулаларының соққылауы әрекетінен кристал-
дық тор бұзылып, оң және теріс зарядты еркін иондарға ыдырау 
құбылысы электролиттік диссоциация деп аталады.
Төмендегі формулаларда NaCl және CuCl
2
молекулаларынан тұра-
тын иондық кристалдарының еріткіштердегі ыдырау реакциялары
көрсетілген:
NaCl
⇔ Na


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет