149
(99,97 және 99,99%) мыс өндіріледі. Өскеменнің металлургиялық ком-
бинаттарында электролиз тәсілімен басқа да бағалы металдар (мысалы,
тазалығы 99,99% алтын) алынады.
Гальваностегияда электролиз әдісімен бір металдың бетін басқа ме-
талдармен қаптайды. Мысалы, электролиз арқылы қара металдарды ни-
кельмен,
хроммен қаптайды; сәндік бұйымдарын «алтынмен аптайды,
күміспен күптейді».
Гальванопластика деп денелердің бет-бедерінің
пішінін электро-
лиз әдісімен металдарда кескіндеуді айтады. Ол үшін
дене бетінің
балауыздағы үлгісі алынады. Үлгінің беті ток өтетін графит тозаңымен
қапталады. Бұдан кейін үлгіні катод орнына электролитке батырады.
Анодтың рөлін үлгінің (катодтың) бетін қаптайтын металл (мысалы, ал-
тын немесе никель) атқарады.
1. Әртүрлі ортада өтетін электр тогының табиғаты қандай? Мысалдар кел-
тіріңдер.
2. Иондық кристалл деп қандай кристалдарды айтады?
Олардың металл
кристалдарынан қандай айырмашылықтары бар?
Достарыңызбен бөлісу: