Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет22/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   203
ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТІРІ
АҒЗАЛАРДЫҢ ӨМІРЛЕРІНДЕГІ РӨЛІ
1. Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өміріндегі рөлі тура-
лы сөз қозғағанда оларды Жер-ананың басынан кешкен тарихынан,
бұрын-соңды орын алған жылулық құбылыстардан бөле-жара қарауға
болмайды. Өйткені сан алуан өсімдік түрлері мен тіршілік иелерін,
солардың ішінде саналы адамзат ұрпағын дүниеге әкеп, тербетіп өсірген
аяулы бесігіміз «қасиетті қара Жер» болып табылады. Әлемнің бізге ең
жақын әрі көбірек зерттелген бөлігі – Күн жүйесі. Күн жүйесіне енетін
Жаттығу 1.4
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



28
8 планетаның ішінде өсімдіктер мен тірі ағзалар үшін қолайлы жағдай


тек Жерде ғана жасалған. Ғаламның басқа түкпірлерінде тіршілік
иелерінің бар-жоғы белгісіз, оларды анықтауға ғылыми талпыныстар
жасалып жатыр. Сонымен, біз
Жер бетіндегі тірі ағзалар туралы ғана
нақтырақ ақпарат бере аламыз; Жердегі жылулық процестердің өзгеруіне
қарай олардың
эволюциялық даму тарихына көз жүгіртеміз.
2. Ғылымға әзірше белгілі Ғаламдағы бірден-бір тіршілік орны – Жер.
Күн жүйесіндегі планеталардың ішінде тек Жерде ғана
әртүрлі фак-
торлар бір-бірімен таңғажайып үйлесімділік тауып, тіршіліктің дамуы-
на жол ашты. Бір-бірімен керемет келісім тапқан мұндай факторларға
планетаның тиімді көлеміоның тартылыс күші, өткір сәулелерден 
қорғайтын озондық қабаты, бетін жапқан мұхит сулары, оттек пен 
су буына қаныққан атмосфера қабаты жатады.
Барлық тірі ағзаларға су керек, Жердегі тіршілік судан бастау ала-
ды. Ал Жердің Күннен өте тиімді арақашықтықта орналасуы салдары-
нан оның беті мұхит суларымен, ауа қабаттарымен қоршалған. Су мен
ауа тіршілік үшін аса қажетті орта болып табылады. Жаратушының
Жерді Күн төңірегінде орналастыру шеберлігі сондай – егер Күнге сәл
жақынырақ орналасқанда мұхит сулары буланып кетер еді. Сәл алысырақ
орналасқанда Жердің беті мұз бен тоңның құрсауында мәңгі қалар еді.
Күн жүйесінің басқа денелерінде кездесетін мұндай қатігез жағдайлар,
тіршілік иелерінің бақытына қарай, Жер шарына тән емес.
Алайда Жер шарында тірі ағзаларға қолайлы мұндай жағдай бірден
қалыптасқан жоқ. Жылулық процестердің өзгеруіне қарай Жер де,
оның бетіндегі тіршілік иелері де күрделі
эволюциялық дамуды бастары-
нан өткізді. Жылулық құбылыстардың өзгеруі тірі ағзалар мен өсімдік
әлемінде зор рөл атқаратынын Жердің қалыптасу және даму тарихы
айғақтайды.
3. Бұдан 4,6–5 млрд жылдай бұрын пайда болған Күннен 150 млн км
қашықтықта орналасқан Жер әу баста температурасы жоғары балқыған
шар болатын. Бірте-бірте оның беткі қабаты суынып, жеңілірек тау
жыныстарынан тұратын жер қыртысын түзеді. Суыну барысында жер
қойнауынан бөлініп шыққан газдар мен су буынан атмосфера қабаты
пайда болды.
Жердің жасы жуық шамамен 4,6 млрд жыл деп есептеледі. Оның
бетінде бұдан 3,8 млрд жыл бұрын пайда болған бактериялардың іздері
Гренландияның тау жынысында кездеседі. Алайда тіршіліктің күрделі
ағзаларын туғызуға миллиардтаған жылдар қажет болды. Тек беріде
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



29
ғана, яғни бұдан 550 млн жыл шамасында Жер бетінде өсімдіктер мен


тіршілік иелерінің алуан түрлерінің пайда бола бастағанын олардың
«тас кітаптарда» қалдырған белгілері айғақтайды (сурет 1.18).
Күрделі тірі ағзалардың көптеген түрлерін өмірге әкелген бұл
кезеңді биологияда «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет